Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада қар күреу жұмысына 400-ден аса жол жұмысшысы мен 1000-ға жуық арнайы техника жұмылдырылды

Астанада қар күреу жұмысына 400-ден аса жол жұмысшысы мен 1000-ға жуық арнайы техника жұмылдырылды
Фото: Астана қ.әкімдігі

Астанада коммуналдық қызмет мамандары күшейтілген әрі тоқтаусыз режимде жұмыс істеп жатыр. Қар күреу жұмысына күнделікті мыңдаған маман мен арнайы техника жұмылдырылады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

12 желтоқсан күні коммуналдық қызметтер 1634 рейспен қала аумағынан 20 мың текше метрден астам қар шығарды.

13 желтоқсанға қараған түні қар күреу жұмысына 413 жол жұмысшысы мен 972 арнайы техника жұмылдырылды.

Қыс мезгілі басталғалы бері елордадан жалпы көлемі 481449 текше метр қар 37749 жүк көлігімен шығарылды.

Алдымен негізгі магистральдар мен қоғамдық көлік бағыттары тазаланады. Осыдан кейін қар жинау жұмысы қозғалыс қарқыны орташа учаскелерде – аулаларда, алаңдарда, тротуарлар мен аялдамаларда жалғасады.

Астана әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарын қауіпсіздік ережелерін сақтауға, жолда және тротуарларда барынша мұқият болуға, сондай-ақ ауа райы қолайсыз кезде алыс жолға шықпауға шақырады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті