Астанадан өткен түні 60-қа жуық жүк көлігі көлемінде қар шығарылды. Қаланың коммуналдық қызметтері қар күреу мен көктайғақты болдырмау жұмысын күшейтілген әрі үздіксіз режимде жүргізіп жатыр, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
5 қарашаға қараған түні елорда аумағынан 686 текше метр қар арнайы қар полигондарына жеткізілді. Бұл шамамен 60 ауыр жүк көлігінің көлеміне тең.5 қараша таңынан бастап қала бойынша қар мен мұзды тазалау жұмысына 2 700-ден астам жол жұмысшысы мен 810 арнайы техника шықты.Ең алдымен негізгі көше магистральдары мен қоғамдық көлік бағыттары тазартылады. Осыдан кейін тазалау жұмысы қозғалыс қарқыны орташа учаскелерде – аулаларда, алаңдарда, тротуарлар мен аялдамаларда жүргізіледі.Астана әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарын қауіпсіздік ережелерін сақтауға, жолдар мен жаяу жүргінші жолдарында мейлінше сақ болуға, сондай-ақ ауа райы қолайсыз жағдайда алыс жолға шықпауға шақырады.Бүгін, 10:29
Астанада қар күреу жұмысына 2 700-ден астам жол жұмысшысы жұмылдырылды
Фото: Астана қ.әкімдігі
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз