Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

2025 жылы Алматыда шетелдік туристер ең көп барған орындар

2025 жылы Алматыда шетелдік туристер ең көп барған орындар
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Mastercard компаниясының мәліметінше, 2025 жылы қаңтар–қараша аралығында шетелдік туристер Алматы қаласындағы түрлі орындар мен көрікті жерлерге жоғары қызығушылық танытқан. Ең танымал бағыт ретінде Shymbulak тау шаңғы курорты тіркеліп, оның үлесі 30,62% болды. Бұл туралы Алматы қаласының Туризм басқармасының өкілдері айтты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Туристер арасында сұранысқа ие өзге орындар қатарында: Үлкен Алматы көлі – 7,84%, Медеу – 6,24%, MEGA сауда-ойын-сауық орталығы – 5,52%, Арбат – 4,64%, Шарын шатқалы – 4,35%, Орталық мәдениет және демалыс саябағы – 4,35%, Көлсай көлі – 3,92% бар.

Мәдени-тарихи және рухани нысандар ішінде көш бастап тұрғандар: Көктөбе – 12,8%, Вознесенский шіркеуі – 12%, Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік музейі – 7,2%, Көк базар – 6,4%, Тұңғыш Президент саябағы – 4%, Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейі – 4%, Алматының Орталық мешіті – 3,2%,-делінген хабарламада.

Аталған деректер туристер қызығушылығының алуан түрлі екенін және қаланың бірегей мәдени мұрасына деген назардың жоғары екенін көрсетеді. Туризм басқармасында атап өткендей, Алматы таулары туристер үшін негізгі орын болып қала береді. Ал «Шымбұлақ» пен «Ой-Қарағай» курорттарын аспалы жолдар мен жаяу бағыттар желісі арқылы біріктіру туристерді бөлуге, демалыс үшін қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға, сондай-ақ Алматының халықаралық туристік орталық ретіндегі тартымдылығын күшейтуге мүмкіндік береді.

Бұған дейін хабарланғандай, биылғы жылдың үш тоқсанында Алматыға 563 мың шетелдік турист келген. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 11% жоғары. Жыл соңына дейін шетелдік туристер саны 750 мың адамға жетеді деп болжанып отыр.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті