Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыға «Қайрат» – «Реал Мадрид» матчы үшін 5 мыңнан астам шетелдік турист келді

Алматыға «Қайрат» – «Реал Мадрид» матчы үшін 5 мыңнан астам шетелдік турист келді
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыда өтетін «Қайрат» – «Реал Мадрид» матчын тамашалау үшін 26-29 қыркүйек аралығында 5 мыңнан астам шетелдік қонақ келді. Қазақстанның өзге өңірлерінен келген жанкүйерлермен бірге жалпы көрермен саны ондаған мың адамға жетті. Бұл туралы Алматы қаласы Туризм басқармасы «e-Qonaq» ақпараттық жүйесінің деректеріне сілтеме жасап мәлімдеді, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Негізгі туристер легі Қытай, Үндістан, Ресей, Қазақстанның басқа облыстарынан, сондай-ақ Жапония, Ұлыбритания, Испания, Чехия, ТМД және өзге де Еуропа мемлекеттерінен келген.

Матчтың экономикалық әсері айтарлықтай жоғары болмақ. Mastercard компаниясының мәліметінше, Алматыға келген шетелдік туристің орташа шығыны шамамен 1 500 АҚШ долларына жетеді. Бұл қаржыға қонақ үйде тұру, тамақтану, көлік, ойын-сауық пен сауда кіреді. Мұндай шығындар шағын және орта бизнестің дамуына серпін беріп, қызмет көрсету саласын жандандырады әрі қала экономикасына мультипликативті әсер етеді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді