Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматы тарихы музейі «Жыл музейі» атанды

Алматы тарихы музейі «Жыл музейі» атанды
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы тарихы музейі 2025 жылғы Freedom Ticketon Awards сыйлығының шешімімен «Жыл музейі» атағына ие болды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қалалық мәдениет басқармасына қарасты бұл мекеме музей инфрақұрылымын дамыту мен жаңа ағартушылық бастамаларды жүзеге асыруға бағытталатын 3 500 000 теңгелік сертификатпен марапатталды.

Айта кетейік, бұл номинацияда Қазақстанның ең ірі музейлері бақ сынаған. Олардың қатарында Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі, Орталық мемлекеттік музей, А.Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейі, «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі, «Абай Жидебай-Бөрілі» музей-қорығы, «Шым қала» тарихи-мәдени кешені, ҚР Тұңғыш Президенті орталығы және т.б. мекемелер бар.

Бұл жеңіс Алматы тарихы музейінің Қазақстандағы тарихи жад пен мәдени бірегейлікті сақтаудағы жетекші орталықтардың бірі екенін тағы бір мәрте дәлелдеп отыр.

Айта кетейік, Алматы тарихы музейі Алматы қаласы музейлер бірлестігінің құрамына кіреді. Бұған дейін TÜRKSOY халықаралық түркі мәдениеті ұйымының шешімімен бұл бірлестік Түркия, Әзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан және Қазақстан елдерінің музейлері арасында түркі дүниесінің үздік музейі атанып, Best Museum of the Turkic World сыйлығын алған болатын. Бұл марапат түркі әлемінің мәдени мұрасының насихатталуына және сақталуына қосқан зор үлесі үшін берілді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады