Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

2025 жылдың алғашқы тоқсанында Алматыға келген шетелдік туристер саны 18%-ға артты

2025 жылдың алғашқы тоқсанында Алматыға келген шетелдік туристер саны 18%-ға артты
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматының туризм саласы қарқынды дамып келеді. 2025 жылдың алғашқы тоқсанында мегаполиске 496 944 адам келген, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 4,9% көп. Бұл туралы қаланың туризм басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Туристер саны шетелдік меймандар есебінен өсіп отыр. Олар бір жыл ішінде 18%-ға көбейіп, 2024 жылдың алғашқы тоқсанындағы 122 859 адамның орнына 145 058 адамға жетті.

Туристер легінің артуы Үндістан (+73,4%), Қытай (+39,3%), Түркия (+24%), Біріккен Араб Әмірліктері (+47,8%) және Малайзия (өсім - 5,7 есе) сынды елдерден байқалды.

Алматының туристік әлеуетіне деген қызығушылықты әлемдік деңгейдегі айтулы рейтингтер де растайды. 2025 жылы қала CNN арнасының нұсқасы бойынша үздік туристік бағыттар қатарына енсе, Booking.com нұсқасы бойынша жылдың ең танымал бағыттарының бірі ретінде аталды.

Алматы әлемдік туристік кеңістікте ерекше орны бар қала ретінде танытып келеді. Тұмса табиғат, терең тарихи-мәдени мұра, заманауи инфрақұрылым мен қазақ халқының қонақжайлығы бұл шаһарды өзгелерден даралап көрсетеді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады