Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада «Әлем әуені» халықаралық өнер фестивалінің алғашқы күні өтті

Астанада «Әлем әуені» халықаралық өнер фестивалінің алғашқы күні өтті
Фото: Астана қ.әкімдігі

Астанада алғаш рет өтіп жатқан «Әлем әуені» халықаралық өнер фестивалі түркі халықтарының ортақ мәдени мұрасын бір алаңға жинады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Дархан Қыдырәлі, Түркі мәдениеті және мұрасы қорының президенті Ақтоты Райымқұлова, Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы Ерлан Дәкенов және Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен қатысты.Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен құттықтау сөзінде фестивальдің рухани және мәдени маңызын атап өтті.

«Бұл фестиваль – түркі халықтарының ортақ рухани мұрасын қайта жаңғыртып, оны кеңінен насихаттауға бағытталған маңызды алаң. Бүгінгі шара – бауырлас елдердің өнерпаздарын біріктіріп, мәдени байланыстарды тереңдететін жарқын қадам. Осы фестиваль арқылы түркі өркениетінің ежелгі дәстүрлері мен заманауи бағыттары тоғысып, біздің рухани сабақтастығымызды одан әрі нығайтады», - дедi Есет Байкен.

Фестиваль барысында «Тамыр мен үн: Түркі аспап жасау дәстүрі және заманауи шешімдер» атты халықаралық симпозиумның пленарлық отырысы өтті.Онда ұлттық музыкалық аспаптардың тарихи қалыптасуы, өңірлік ерекшеліктері және дәстүрлі технологиялардың қазіргі кезеңдегі қолданылуы талқыланды.Фестивальға Түркі мемлекеттерінен 60-тан астам өнерпаз, зерттеуші, музыкатанушы және дәстүрлі аспап жасаушы шеберлер қатысуда. Бағдарлама түркі халықтарының бай музыкалық мұрасын сақтау және заманауи форматта танытуға бағытталған. 25 қарашада, Өнер музейінде музыкалық аспап жасауға арналған тәжірибелік сабақтар өтеді. Сонымен қатар, «Жастар» сарайында өтетін гала-концертпен қорытындыланады. Концертте дәстүрлі ән-күй мен этно-бағыттағы заманауи шығармалар ұсынылады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті