Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ақтауда түркі әлемінің мәдени астанасы құрметіне арналған салтанаттың ашылуы немен есте қалды?

Ақтауда түркі әлемінің мәдени астанасы құрметіне арналған салтанаттың ашылуы немен есте қалды?

5 сәуір күні Маңғыстау облысында «Ақтау – Түркі әлемінің мәдени астанасы» жылы салтанатты түрде ашылды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түркітілдес елдердің мәдени ынтымақтастығын арттырып, ортақ құндылықтарды дәріптеуге бағытталған шараға ҚР мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай, ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының бас хатшысы Сұлтан Раев, ТҮРКСОЙ ұйымына мүше елдердің мәдениет министрлері, мемлекет және қоғам қайраткерлері, ҚР Парламентінің депутаттары, халықаралық ұйымдар өкілдері мен шетелдік елшілер қатысты. 

Теңіз жағалауындағы айтулы оқиғаның куәсі болу үшін 100 мың көрермен жиналды. Олардың қатарында маңғыстаулықтармен бірге еліміздің әр өңірінен және шет мемлекеттерден арнайы келген қонақтар бар.

Айтулы іс-шараға орай Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы құттықтау хатын жолдады. Мемлекет басшысының құттықтауын ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева оқып берді.

Президент өзінің құттықтау хатында Ақтау қаласының Түркі әлемінің мәдени астанасы атануын еліміз үшін ғана емес, барлық бауырлас түркі мемлекеттері үшін маңызды оқиға ретінде атап өтті.

«Шежірелі Маңғыстау, қазыналы Үстірт аймағы тұтас түркі өркениетінің ажырамас бөлігі саналады. Киелі өлкеде ұлтымыздың, жалпы түркі дүниесінің сан ғасырлық рухани мұрасы сақталған. Тарихы тамырлас, дәстүрі сабақтас халықтардың ынтымақтастығын одан әрі нығайту – баршамыздың ортақ міндетіміз. Осы атаулы жылда бауырластығымызды бекемдей түсетін басқосулар ұйымдастырылып, маңызды шешімдер қабылданады деп сенемін. Түркі мемлекеттерінің ықпалдастығын арттыруға зор үлес қосып жүрген ТҮРКСОЙ ұйымына және осы іс-шараны ұйымдастырушыларға шынайы ризашылығымды білдіремін. Түбі бір түркі жұртының бірлігі нығая берсін!» – делінген хатта.

Ашылу рәсіміне орай ұйымдастырылған мерекелік кеште түркі халықтарының ортақ мұрасын дәріптейтін хореографиялық қойылымдар көрсетілді. Мыңдаған жылдық тарихы бар көшпенділер өркениеті, бабалар мұрасы, рухани сабақтастық – бәрі де сахна төрінде жаңаша көрініс тапты.Бағдарлама аясында халықаралық деңгейдегі өнер жұлдыздары да әннен шашу шашты. Әлемдік мега жұлдыз Димаш Құдайберген, Өзбекстанның әйгілі әншісі Юлдуз Усманова мен Әзербайжанның жұлдызы Роза Зергерли және елімізге белгілі  эстрада әншісі Калифарния сахнада өнер көрсетіп, көрерменге мерекелік көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Салтанатты шарада аймақ басшысы Нұрдәулет Қилыбай түркі әлемінің мәдени бірлігін нығайтудың маңыздылығына тоқталды.

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев – түркі әлемін XXI ғасырда маңызды экономикалық және мәдени кеңістікке айналдыру – негізгі мақсат екенін айтқан болатын.

Бауырлас елдердің басшылары түркі жұртын біріктіруге баса мән беріп келеді. Бүгінгі кәрі Каспийдің жағасындағы ақмаржан – Ақтау шаһарында бас қосуымыз – осының дәлелі.  

Түркі халықтарының қанына сіңген бір белгісі – мейманға жалғыз атын да сойып берер мәрттігі. Қазақ – қашаннан қонақжай халық. Даламыз қандай дархан болса – көңіл де сондай кең.  Түбі бір түркі бауыр үшін Төріміз дайын. Қонақ қелсе қойы егіз қоздайтын халықпыз, – деді Нұрдәулет Қилыбай.

Мерекелік кеште Ақтау аспанын ерекше таңғажайып көрініске бөлеген дрон шоуы өтті. Бір мезетте 500-ден астам дрон көкке көтеріліп, Қазақстанның туы, Маңғыстаудың табиғатына тән жануарлар мен бозжыра тауы, халықаралық шараның логотипі және қазақтың ұлттық мәдениетінің элементтері бейнеленді.

«Ақтау – Түркі әлемінің мәдени астанасы» жылының ашылу салтанатына арналған шаралар тізбегі 6 сәуір күні де жалғасады. Этноқалашық аумағында түркі елдерінің танымал жұлдыздары мен жергілікті өнерпаздардың қатысуымен ауқымды гала-концерт өтеді. Жалпы, бұл жобаға 1149 өнерпаз тартылған, оның 125-і – шетелдік музыканттар, бишілер және қолөнер шеберлері.
Айта кетейік, биыл мерейлі жыл аясында қараша айының соңына дейін 30-дан астам халықаралық мәдени және шығармашылық жобалар жүзеге асырылады. Оның ішінде, фестивальдер, ғылыми конференциялар, көрмелер мен байқаулар өтеді деп жоспарлануда.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты