Ср, 07 мамыр 2025
Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Оралда облыстық ІІІ «Жайықтың би әлемі» атты фестиваль өткізілді

Орал қаласы әкімдігінің қолдауымен ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және Қала  күні  мерекесі аясында Х. Бөкеева атындағы қазақ драма театры залында ІІІ «Жайықтың би  әлемі» атты би фестивалі  өткізілді. Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен өткен фестивальдің мақсаты - жас ұрпақты би өнері  арқылы  эстетикалық мәдениетке тәрбиелеу, облысымызға танымал би ұжымдардың өнерлерін  тамашалап,  ансамбльдер мен жетекшілер арасындағы тәжірибе  алмасу, кәсіби  ансамбльдер арасында мәдени – шығармашылық байланыстарды дамыту, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Фестивальдің алғашқы күні қатысушы ансамбльдер мен жетекшілер және өңірімізге танымал би өнерінің майталмандары таныстырылып, салтанатты түрде ашылу салтанаты өткізілді. Шараға әр ауданнан үздік деп танылған би ұжымдары қатысты. Би ұжымдары фестивальде «Қазақ биі», «Әлем халықтарының биі», «Қазіргі заман биі» номинациялары бойынша өнер көрсетіп,  әр ансамбльден үздік деп танылған би қойылымдары, гала-  концертке өтті.


Ұлттық өнерімізді өркендетуге үлес қосқан ардагер ұстаздар педагог -балетмейстер Халықаралық, Республикалық байқаулардың лауреаты, ҚР мәдениет саласының үздігі Слана Әзірбайқызы Имашева, Облыстық халық шығармашылығы орталығының «Қызғалдақтар» үлгілі би ансамблінің жетекшісі, ҚР мәдениет қайраткері Райхан Сабырқызы Қожекешова,  «Өнер саласының үздігі», Халықаралық, Республикалық байқаулардың лауреаты, Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филормониясының «Назерке» халықтық би ансамблінің жетекшісі Ақмарал Әміржанқызы Тасболатова аталмыш фестивальдің  арнайы шақырулы қонақтары атанды.


Фестивальдің келесі күні Облыстық ІІІ «Жайықтың би  әлемі» атты  фестивалінің гала-концерті өткізілді. Гала-концертте қазақ биі, әлем халықтарының биі және қазіргі заман биілерінен халықтың ыстық ықыласына бөленіп, үздік деп танылған би ұжымдары өнер көрсетті. Шара соңында Орал қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Ерсайынұлы Галиев құттықтау сөз сөйлеп, би ұжымдарын алғыс хаттармен марапаттады.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді