Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада 2 600-ден астам жол жұмысшысы қар тазалау жұмыстарына шықты

Астанада 2 600-ден астам жол жұмысшысы қар тазалау жұмыстарына шықты
Фото: Астана қ.әкімдігі

Қыс мезгілі басталғаннан бері елорданың коммуналдық қызметтері тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істейді. Күн сайын мыңдаған жол жұмысшысы мен түрлі арнайы техникалар жұмыс жұмылдырылады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

23 желтоқсаннан 24 желтоқсанға қараған түні коммуналдық қызметтер елордадан 3 399 рейспен 46 мың текше метрге жуық қар шығарды.24 желтоқсандағы күндізгі ауысымда қар тазалау жұмыстарына 2 636 жол жұмысшысы және 1 608 арнайы техника жұмылдырылды.Қыс мезгілінің басынан бері полигондарға қаладан 119 771 рейспен 1,5 млн текше метрден астам қар шығарылды.Ережеге сәйкес, ең алдымен, қалада кептеліс болмас үшін өте қарқынды қозғалыс учаскелері тазаланады. Сондай-ақ орташа қарқындылығы бар учаскелер-алаңдар, вокзал маңы аумақтары, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар және т. б. орындар қардан тазартылады.Орталық көшелерде, жолаушылар көлігі маршруттарында, аялдамалар мен тротуарларда тазалау басымдыққа ие.Елордада бірнеше жабдықталған қар полигоны жұмыс істейді. Олар самосвал техникасының нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен жабдықталған, онда бейнебақылау камералары орнатылған, жарықтандыру қосылған.Елорда тұрғындары мен қонақтарынан жолдарда абай болуды, қауіпсіздік ережелерін сақтауды, дауылды ескерту болған жағдайда алыс сапарлардан бас тартуды сұрайды.Төтенше жағдай туындаған кезде «112» телефонына хабарласыңыз.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті