Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жоқ пәтерлерді жалға берген күдікті ұсталды

Жоқ пәтерлерді жалға берген күдікті ұсталды
Фото: Polisia.kz

Ақтөбе облысы полиция департаментінің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде интернет арқылы алаяқтық жасады деген күдікпен Ақтау қаласының тұрғыны ұсталды, — деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жедел тергеу барысында 30 жастағы ер адамның интернет платформасы арқылы жалған хабарландырулар орналастыру жолымен азаматтарды алдағаны анықталды. Қазіргі таңда оның алаяқтық әрекеттерінен зардап шеккен алты адам анықталды: үшеуі Ақтөбеден болса, қалғандары Алматы, Түркістан облыстарынан.

Жәбірленушілердің барлығы Алматы қаласынан бірнеше тәулікке пәтерді жалға алмақ болған. Күдікті олардан 20 мыңнан бастап 130 мың теңгеге дейін алдын ала төлем сұраған. Ақша аударымын алғаннан кейін байланысты тоқтатқан. Осындай жолмен ол азаматтардан 300 мың теңгеге жуық ақша иеленген. Бұл қаражатты ол құмар ойындарға жұмсаған.

Тергеп-тексеру барысында ұсталған ер адамның Алматы қаласынан пәтерлерді жалға беру туралы хабарламаларды интернет-платформасынан тауып, өзі жалға алушы кейпінде пәтер иелеріне хабарласқаны анықталды. Ол пәтер иелерінен үйдің қосымша фотолары мен бейнешолуларын да алған. Кейін оны жалға беру туралы өз атынан тартымды бағамен хабарлама орналастырған. Барлық жағдайда күдікті жәбірленушілермен интернет пен мессенджерлер арқылы байланыс орнатқан. Қазіргі таңда бірнеше адамға қатысты алаяқтық жасау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Еліміздің басқа өңірлерінде оның осындай әрекетінен зардап шеккендердің бар-жоғы да тексеріліп жатыр.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті