Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда интернет-алаяқтық жасады деген күдікпен әйел адам ұсталды

Алматыда интернет-алаяқтық жасады деген күдікпен әйел адам ұсталды
Фото: Polisia.kz

Алматыда интернет-алаяқтық жасады деген күдікпен әйел адам ұсталды, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Алматы қаласының Алмалы ауданында полицейлер интернет арқылы бірнеше алаяқтық дерегін жасаған деген күдікпен 34 жастағы әйелді ұстады. Тергеу барысында анықталғандай, күдікті интернет желісінде брендтік киім-кешек пен тұрмыстық заттарды сату туралы жалған хабарландырулар орналастырған. Тауарды сатып алуға ниет білдірген азаматтардан алдын ала немесе толық төлем алып, уәде етілген тауарды жеткізбеген.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері күдіктінің бірнеше алаяқтық әрекетін тіркеді. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Әйел қамауға алынды.

– Қазіргі таңда интернет кеңістігі алаяқтар үшін алдау мен оңай олжа табудың алаңына айналып отыр. Сондықтан тұрғындардан сақ болуды, бейтаныс тұлғаларға ақша аудармауды сұраймыз. Егер күмәнді жағдайлар орын алса, дереу полицияға хабарласыңыздар. Осы күдіктінің алаяқтық әрекеттерінен зардап шеккен азаматтар болса, бізге хабарласып, арыз жазуын сұраймыз, – деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Мақсат Пшан. 

Полиция алаяқтықпен күресті күшейту бағытында жұмыс жүргізіп жатқанын мәлімдеді.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады