Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елордада полицейлер жоқ үйлерді жалға берумен айналысқан әйелді ұстады

Елордада полицейлер жоқ үйлерді жалға берумен айналысқан әйелді ұстады
Фото: Polisia.kz

Елордада полицейлер жоқ үйлерді жалға беру арқылы алаяқтық жасаған әйелді ұстады, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Астана қаласы полиция департаментінің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында интернет арқылы жоқ үйлерді жалға беріп, алаяқтық жасаған 29 жастағы азаматшаны қолға түсірді. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, күдікті Krisha.kz сайтында жалған хабарландырулар орналастырып, Астана, Алматы қалаларында және "Бурабай" демалыс базасында пәтерлер мен үйлерді жалға беремін деп уәде еткен. Ол жәбірленушілермен хат алмасу барысында сенімге кіріп, алдын ала төлем жасауды сұраған. Алайда ақша түскеннен кейін пәтер иесімен байланыс үзіліп, азаматтар алданып қалған. Жедел іс-шаралар нәтижесінде күдікті ұсталып, өзінің кінәсін мойындады. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп, оның бес алаяқтық эпизодқа қатысы бары анықталды. Полиция тұрғындарды сақ болуға, кез келген қаржылық операция жасамас бұрын ақпаратты мұқият тексеруге шақырады. Егер сіз алаяқтықтың құрбаны болсаңыз, тез арада полицияға хабарласуыңызды сұраймыз.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді