Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Олжас Бектенов пен Беларусь Премьер-министрі Александр Турчин сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту мәселесін талқылады

Олжас Бектенов пен Беларусь Премьер-министрі Александр Турчин сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту мәселесін талқылады
Фото: primeminister.kz

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов пен елімізге ресми сапармен келген Беларусь Республикасының Премьер-министрі Александр Турчин сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін талқылады. Екіжақты тауар айналымын ұлғайту, инвестиция, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, цифрлық индустрия және ЖИ саласындағы, сондай-ақ көлік және логистика, денсаулық сақтау, туризм сияқты тағы да басқа салалардағы ынтымақтастықты тереңдету жөніндегі жоспарлар қаралды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Елдеріміздің көшбасшылары Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев пен Беларусь Республикасының Президенті Александр Григорьевич Лукашенконың саяси ерік-жігері мен тұрақты байланысының арқасында екі ел арасындағы қарым-қатынас қарқынды дамып келеді және барлық деңгейдегі сенімді диалог пен стратегиялық сипатқа ие. Қазақстан Үкіметі сауда-экономикалық және басқа да қарым-қатынастарымыздың қарқынды әрі өзара тиімді негізде дамуы үшін бар күш-жігерін салуға дайын», — деп атап өтті Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов.


«Біз үшін Қазақстан Республикасы сауда-экономикалық қатынастардағы басым серіктесіміз. Сондықтан біз бұл байланыстарды барлық жағынан да дамытуға дайынбыз. Біздің бүгінгі кездесуіміз Беларусь пен Қазақстан арасындағы диалогті нығайту мен кеңейту процесіне қосымша серпін беретініне, оны жаңа мазмұнмен толтыратынына сенімдімін», — деді Беларусь Премьер-министрі Александр Турчин.

Тараптар өнеркәсіп кооперациясын одан әрі дамыту және бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады.

Цифрлық салада ЖИ элементтерін енгізу бойынша тәжірибе алмасуға басымдық беріліп отыр.

Ауыл шаруашылығында АӨК өнімдерін қайта өңдеу және өндіру жобаларына баса назар аударылмақ. Саланың тиімділігін арттыру үшін аграрлық ғылымдағы ынтымақтастыққа аса мән беріледі. Қазақстандық диқандар биыл ауыл шаруашылығы дақылдарынан мол өнім жинады, мұндай көрсеткішке олар бір жағы агротехнологияларды қолдану нәтижесінде қол жеткізе алды.

Кездесуге қатысушылар көлік және логистика саласындағы өзара іс-қимылдың маңыздылығын атап өтті. Салалық ведомстволардың үйлесімді жұмысы екі мемлекет арасындағы теміржол және автомобиль тасымалдарын үздіксіз қамтамасыз етеді. Сонымен қатар жаңа экспорттық нарықтарға шығу үшін көлік дәліздерін дамытуда зор әлеует бар.

Сондай-ақ өңіраралық ынтымақтастық және мәдени-гуманитарлық саладағы өзара іс-қимыл мәселелері де талқыланды.

Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан мен Беларусь премьер-министрлерінің қатысуымен екіжақты бірқатар құжатқа қол қойылды:

  • Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мен Беларусь Республикасының Өнеркәсіп министрлігі арасындағы өнеркәсіптік кооперация саласындағы ынтымақтастықты дамытудың 2026–2028 жылдарға арналған жол картасы;

  • Астана қаласының әкімдігі мен Минск қалалық атқару комитеті арасындағы 2026–2028 жылдарға арналған сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық туралы жол картасы;

  • Алматы облысының әкімдігі мен Витебск облыстық атқару комитеті арасындағы сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастық туралы меморандум.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті