Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Олжас Бектенов Финляндия Президенті Александр Стуббпен сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады

Олжас Бектенов Финляндия Президенті Александр Стуббпен сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады
Фото: primeminister.kz

Қазақстанның Премьер-министрі Олжас Бектенов елімізге ресми сапармен келген Финляндия Президенті Александр Стуббпен кездесу өткізді. Онда сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастыққа, өнеркәсіптегі, энергетикадағы, цифрлық, көліктік-логистикалық және су салаларындағы, сондай-ақ қаржы мен агроөнеркәсіп кешеніндегі өзара іс-қимылға назар аударылды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР Премьер-министрі Үкімет жоғары деңгейде қол жеткізілген барлық уағдаластықтардың жүзеге асырылуын қадағалауға алатынын атап өтті. Финляндия – Қазақстанның Еуропалық одақтағы маңызды серіктестерінің бірі.

Келіссөздер барысында сауданы одан әрі ұлғайтуда, оның құрылымын әртараптандыруда, сондай-ақ экономиканың негізгі секторларына жаңа технологиялар енгізуде елеулі әлеует бары атап өтілді.

Қазақстанда бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, соның ішінде көлік саласына қатысты логистикалық орталықтар, экспортқа бағдарланған өндірістік алаңдар және тағы да басқа нысандар салу жөніндегі жоспарлар талқыланды.

Екі елдің цифрлық трансформация саласындағы түйісу нүктелері – Президент белгілеп берген Қазақстанның стратегиялық басымдығы ретінде атап өтілді. Елімізде суперкомпьютердің іске қосылуын алға тарта отырып, қазақстандық тарап Еуропадағы ең қуатты суперкомпьютерлердің бірі – LUMI-мен жұмыс істейтін Финляндиямен тәжірибе алмасуға әзір екендігін жеткізді.

«Мемлекет басшысы атап өткендей, Қазақстан Финляндиямен ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын дамытуға дайын. Біз экономиканың басым секторларында бірлескен жобаларды жүзеге асыруға мүдделіміз. Үкімет елімізге келген инвесторларға жан-жақты қолдау көрсетеді», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Финляндия президенті Александр Стубб Қазақстанның инвесторларға қолайлы жағдай жасау бойынша жүргізіп жатқан жұмыстарына оң баға беріп, екі ел арасындағы ынтымақтастықты тереңдетуге мүдделі екенін білдірді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті