Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Олжас Бектенов Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы То Ламмен сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады

Олжас Бектенов Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы То Ламмен сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады
Фото: primeminister.kz

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов пен Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Вьетнам Социалистік Республикасы Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы То Лам екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы То Лам қол қойған Қазақстан мен Вьетнам арасында Стратегиялық серіктестік орнату туралы бірлескен мәлімдемені жүзеге асыру бойынша алдағы жұмыстарға назар аударылды. Сауда, ауыл шаруашылығы, көлік және логистика, азаматтық авиация, туризм саласындағы өзара іс-қимылды кеңейту, цифрлық қызметтер енгізу және ЖИ интеграциясы бойынша озық тәжірибе алмасу перспективалары қаралды.

Жоғары деңгейде қол жеткізілген тауар айналымын $2 млрд-қа дейін арттыру жөніндегі уағдаластықтар шеңберінде Қазақстанның 35 тауар аталымы бойынша вьетнам нарығына жеткізу көлемін ұлғайтуға дайындығы атап өтілді. Олардың ішінде мұнай-химия, металлургия, химия, машина жасау, тамақ өнеркәсібі және басқа да өнімдер бар.

Ауыл шаруашылығы саласында оң серпін белгіленді. Өткен жылдың қорытындысына сәйкес, Қазақстан мен Вьетнамның АӨК өнімдері бойынша сауда көлемі 3,5%-ға, қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізу 15 есеге өсті. Сондай-ақ ауыл шаруашылығының өнімділігін арттыруға бағытталған заманауи агротехнологияларды енгізу үшін ғылым саласында тәжірибе алмасу келешегі зор бағыт саналады.

Көлік-логистика саласында Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту аясындағы өзара іс-қимылға назар аударылды. Орта дәліз Вьетнамнан жүктерді жеткізу мерзімін қысқартуға мүмкіндік береді, бұл өзара сауданы сапалы жаңа деңгейге шығаруды қамтамасыз етеді.

Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан мен Вьетнам арасындағы екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту үшін барлық күш-жігерді жұмсауға ниетті екендерін білдірді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді