Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Олжас Бектенов: «Барлық өңірде спорт инфрақұрылымын біркелкі дамыту қажет»

Олжас Бектенов: «Барлық өңірде спорт инфрақұрылымын біркелкі дамыту қажет»
Фото: primeminister.kz

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында спорт инфрақұрылымын дамыту және бұқаралық спортты қолдау мәселелері қаралды. Онда туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов бұл бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады. Сондай-ақ Қазақстан футбол федерациясының бас хатшылары Дэвид Лория, Қазақстан су спорты федерациясы, олимпиада ойындарының чемпионы Дмитрий Баландин, «Сана Спорт» отбасылық спорт орталығының құрылтайшысы Руслан Ахметов баяндама жасады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.   

Премьер-министр басты мақсат халықтың спортпен қамтылу деңгейін арттыру және кәсіпқой спортшылар даярлау үшін қажетті жағдай жасау екенін атап өтті.

«Әрбір қазақстандықтың өмір салтына айналуға тиіс спорттың дамуы Мемлекет басшысының үнемі назарында. Бұл орайда еліміздің барлық өңірінде спорттық инфрақұрылым мен бұқаралық спортты дамыту бағытында жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр.  Басты мақсат – халықтың дене шынықтыру және спортпен қамтылу деңгейін арттырып, кәсіпқой спортшыларды даярлау үшін қажетті жағдай жасау. Барлық өңірде спорт инфрақұрылымын біркелкі дамытып, тұрғылықты жерлерге жақын спорт алаңдарының желісін құру қажет», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Жаңа нысандар құрылысымен қатар, қолданыстағы спорт объектілерін тиімді пайдаланудың маңыздылығына назар аударылды. Премьер-министр Алматы облысында Талғар қаласының тұрғындары “Жастар” стадионы қаңырап бос тұр, спорттық іс-шаралар өткізілмейді, секциялар жоқ деп шағымданатынын атап өтті. Туризм және спорт министрлігі мен әкімдіктер спорт нысандарынның мақсатты әрі тиімді жұмысын қатаң бақылауға алуы қажет. 

Жалпы, еліміздегі спорт нысандарының құрылысы қарқынды жүріп жатыр.Былтырдың өзінде 90 нысан бой көтерсе, оның 61-і ауылдық жерлерде салынды. Бұл – өте маңызды көрсеткіш. Биыл тағы 102 нысан пайдалануға беріліп, жұмыстар аяқталатын болады. Сонымен қатар шығындарды оңтайландыру үшін әкімдіктер бюджеттен тыс қаржы көздерін тартып, үлгілік жобаларды белсенді пайдалануы тиіс.

Премьер-министр мемлекет бизнеске қолдау көрсетіп отыр, сондықтан әлеуметтік және спорттық инфрақұрылымды дамыту бағытында жауапты қадамдар күтетінін баса айтты. Футбол клубтарын жекешелендіру туралы Президент үндеуіне кәсіпкерлер үн қосып жатыр. Біз кәсіпқой спорт үшін сапалы резерв құруымыз керек

Спорт мектеп-интернаттарының дамуына ерекше көңіл бөлінді. Бірқатар өңірде, мысалы, Ұлытау, Абай, Алматы және Қостанай облыстарында әлі күнге дейін мұндай мекемелер жоқ.

Атырау облысында спорт мектеп-интернатын салу жобасы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында салынып жатыр. Аталған оң тәжірибені пайдалануға болады.

Астанада жеке инвестициялар есебінен құрылған инновациялық балалар орталықтарының желісін дамыту бойынша табысты тәжірибе бар. Оны басқа өңірлерде де қолдану қажет.

Сонымен қатар спорт саласын цифрландыру процесін жеделдетудің маңыздылығы, ең алдымен, «Е-Sport» ақпараттық жүйесін енгізу жұмысын жандандыру қажет екені атап өтілді. 

Үкімет отырысының қорытындысы бойынша Премьер-министр: 

  • Өңір әкімдіктері мен Туризм және спорт министрлігі биылғы 20 желтоқсанға дейін Спорт инфрақұрылымы мен бұқаралық спортты дамытудың 2026–2028 жылдарға арналған жол карталарын әзірлеп, бекітсін.

  • Ақтөбе, Қарағанды, Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау, Атырау облыстары мен Шымкент және Астана қалаларының әкімдері футбол клубтарын жекешелендіруге инвесторлар тарту жұмысын күшейтсін.

  • Өңір әкімдіктері бұқаралық спортты дамыту мақсатында «Қолжетімді спорт» жобасын іске асырып, жаттықтырушы-нұсқаушылар санын, әсіресе ауылдық жерлерде арттыру мәселесін қамтамасыз етсін.

Үйлестіру жұмыстары Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярға жүктелді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті