Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстан мен Әзербайжан ұлттық спорт түрлерін дамытуда күш біріктіреді

Қазақстан мен Әзербайжан ұлттық спорт түрлерін дамытуда күш біріктіреді
Фото: ҚР Туризм және спорт министрлігі

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында Әзербайжан Республикасының Жастар және спорт министрі Фарид Гаибовпен кездесті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында тараптар спорт саласындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайту және ұлттық спорт түрлерін дамыту мәселелерін талқылады.Министр Қазақстан мен Әзербайжан спорттық білім беру, спорттық медицина және бірлескен оқу-жаттығу жиындарын ұйымдастыру мәселелері бойынша белсенді ынтымақтастық жүргізіп жатқанын атап өтті.
«Жыл сайын елімізде қазақ күресі, тоғызқұмалақ, асық ату, көкпар, бәйге, теңге ілу, аударыспақ, құсбегілік, дәстүрлі садақ ату және жекпе-жек сияқты ұлттық спорт түрлері бойынша халықаралық деңгейден жергілікті деңгейге дейінгі мыңнан астам жарыс өткізіледі. Қазіргі таңда біз 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізіп жатырмыз. Бұл біз үшін үлкен мәртебе», – деп атап өтті министр.
Кездесу соңында Фарид Гаибов Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновқа қонақжайлылық танытқаны үшін алғыс айтып, тараптар арасындағы жемісті ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екенін жеткізді.
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты