Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Атырауда ипподром салу туралы ұсыныс айтылды

Атырау облыстық коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, Атырау облыстық мәслихатының 46 сессиясында ұлттық спортты дамыту мәселесі кеңінен талқыланып, спорт орталықтары мен мектептер салу мәселесі ұсынылды, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Атырау облыстық әлеуметтік мәселелер және мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссия төрағасының міндетін атқарушы Гүлнар Сәдуақасова сессия барысында Атырау облысындағы бұқаралық спортты дамыту үшін өңірде жасөспірімдерге арналған спорт мектеп-интернатын салу ең өзекті мәселе екенін айтты.

Облыста арнайы мектеп интернаты болмауы себебінен спортқа бейімі бар жасөспірімдер басқа аймақтарға барып оқып, сол өңірдің атынан әр спорт түрінен халықаралық жарыстарға қатысып жүр. Кей жағдайда спортпен шұғылдануды қойып кеткен.

«Осы уақытқа дейін сенімгерлікке берілген футбол, баскетбол, волейбол, бассейн, хоккей секілді спорт орталықтарын кері қайтару қажет. Өйткені, сенімгерлікке берудегі негізгі мақсат – үкімет қаржысын үнемдей отырып, спорттық көрсеткіштерді көтеріп, нәтижесін жақсарту болатын. Алайда, қазіргі күнде жағдай өзгеріссіз. Кері қайтарылса, бұқаралық спорттың дамуына әкелері анық. Ұлттық спорт мектептерін ашу, аула клубтарын көбейту қажет. Қала аумағында ипподром базасы салынса игілікті іс болар еді. Тәуелсіздік жылдары Атырау өңірі ұлттық спорттан жоғары деңгейге шығып еді. Соңғы кездері төмендегені бәрімізге мәлім. Сол себепті, жаттықтырушылардың да табысын өсіруді басты мәселе етіп қараған жөн» - деді Гүлнар Сәдуақасова.
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты