Сс, 06 мамыр 2025
Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Туризм және спорт министрі Швеция Елшісімен екі жақты ынтымақтастықты талқылады

Туризм және спорт министрі Швеция Елшісімен екі жақты ынтымақтастықты талқылады
Фото: ҚР Туризм және спорт министрлігі

ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Швеция Елшісімен екі жақты ынтымақтастықты талқылады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Швеция Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ева Пуланомен кездесіп, туризм және спорт саласындағы ынтымақтастық әлеуетін талқылады.Кездесуде тараптар қысқы спорт түрлерін дамыту, бірлескен оқу-жаттығу жиындарын өткізу және спортшылар арасында тәжірибе алмасу сияқты өзара іс-қимылды нығайту мәселелерін пысықтады.
«Спорт саласындағы екі елдің ынтымақтастығы жыл өткен сайын дамып келеді. Швеция қысқы спорт түрлері бойынша әлемдегі алпауыт елдердің бірі саналады. 2024 жылғы наурызда шаңғыдан Қазақстан құрама командасы Швецияның Фалун қаласында оқу-жаттығу жиындарын өткізді. Спортшыларымыз мол тәжірибемен оралды. Алдағы уақытта да қысқы спорт түрлері бойынша тәжірибе алмасып, бірлескен оқу-жаттығу жиындарын жиі өткізуді ұсынамыз», – деді Туризм және спорт министрі.
Сондай-ақ Ербол Мырзабосынов туризм саласындағы байланыстарды дамытудың маңызына тоқталып, аталған саланың экономиканың дамуына елеулі әсер ететінін айтты.Министр Қазақстан Швециямен туризм және спорт саласындағы жаңа бірлескен жобаларды дамыту бойынша жұмысты жалғастыруға ниетті екенін және ұзақ мерзімді әрі өнімді серіктестікке үміт артатынын жеткізді.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді