Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елордада Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналған арнайы хореографиялық спектакль өтті

Елордада Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналған арнайы хореографиялық спектакль өтті
Фото: Астана қ.әкімдігі

Астанада «Наз» мемлекеттік би театры көрерменге Халық Қаһарманы, Қазақстанның Халық әртісі, композитор, дирижер, күйші Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналған «Нұрғиса» хореографиялық спектаклін қайта ұсынды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Іс-шараға Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен қатысты. Театр ұжымы ұлт рухын асқақтатқан дара тұлғаға тағзым ретінде оның өмірі мен шығармашылығын би тілімен бейнеледі. «Нұрғиса» – қазақ музыка өнерінің алып тұлғасына арналған хореографиялық ескерткіш, театр репертуарындағы інжу-маржан қойылымдардың бірі.

Қазақ музыкасын биік деңгейге көтерген көрнекті тұлға Нұрғиса Тілендиевтің өмірі мен оның ұлттық өнерге қосқан өлшеусіз үлесін дәріптеу мақсатында қойылған спектакльде композитордың 30-дан аса шығармасы орындалып, «Кел, еркем, Алатауыма», «Көш-керуен», «Алатау», «Куә бол», «Ата толғауы» сияқты халық сүйіп тыңдайтын туындылары хореография тілінде сөйледі.

«Дүниеге келуі», «Балалық шағы», «Жастық шағы», «Шыңдалу», «Алып тұлға» атты бес бөлімнен тұратын спектакльде композитордың өмір жолы мен өнердегі өрнегі көрермен көз алдында би лентасы іспетті өрілді. Қойылымға «Тұлпар» және «Айша бибі» балалар би ансамбльдері де қатысты (жетекшісі – Сымбат Қойсоймасов).

«Нұрғиса Тілендиев бабамызға арналған бұл қойылым – біздің театр репертуарындағы айрықша туынды. Ол – қазақ музыкасына өлшеусіз үлес қосқан тұлғаның өмірін би тілімен бейнелеген хореографиялық ескерткіш. Спектакль жастарды ұлттың рухын сезінуге, халық музыкасын құрметтеуге тәрбиелеуге бағытталған», – деді театр директоры, ҚР Мәдениет қайраткері, спектакльдің қоюшы режиссер-хореографы Еркебұлан Ағымбаев.

Айта кетейік, «Наз» мемлекеттік би театры – Қазақстанда ірі хореографиялық спектакльдер қойған алғашқы би театры. Бүгінде театр қоржынында 130-ға жуық би қойылымы мен 15 хореографиялық спектакль бар.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады