Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда Қала күніне орай Нұрғиса Тілендиев музейі жаңартылды

Алматыда Қала күніне орай Нұрғиса Тілендиев музейі жаңартылды
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Қала күні және Халық Қаһарманы, көрнекті композитор, дирижер әрі күйші Нұрғиса Тілендиевтің туғанына 100 жыл толуына орай мемориалдық музейде қайта жаңғыртылған экспозиция ашылды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ашылу рәсіміне Алматы әкімі Дархан Сатыбалды, маэстроның қызы Дінзухра Тілендиева және мәдениет өкілдері қатысты. Жаңғыртудан кейін музейдің көрме залдарының аумағы 161 шаршы метрге дейін кеңейді. Заманауи мультимедиялық құрылғылармен жабдықталған екі жаңа зал ашылып, сирек қолжазбалар, архивтік суреттер мен күйшінің жеке заттары қойылды. Экспозициядағы ең құнды жәдігерлердің бірі Ахмет Жұбанов сыйға тартқан аңызға айналған «Дариға-домбыра», сондай-ақ, композитордың анасы сыйға тартқан фортепиано да бар. Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО-ның мерейтойлық даталар тізіміне енгізіліп, қазақ музыкасы дарынының әлемдік мәдениетке қосқан үлесі мойындалды.
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті