2025 жылғы 28 қазан күні таңсәріде Алматыда Саин даңғылында, Төле би көшесі мен Райымбек даңғылының арасындағы бөлікте жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Редакция тілшісінің мәліметінше, Саин даңғылы бойымен Hyundai Accent көлігі солтүстік бағытта жүріп келе жатқан, апаттың екінші қатысушысы – Toyota Hilux көлігі оның артында келе жатқан.
Көп ұзамай белгісіз себептермен Toyota Hilux алдындағы Hyundai көлігінің артқы бөлігіне соғылған.
Қатты соққыдан Hyundai жол ортасында шыр айналған, ал тізгіннен айрылған Toyota оңды-солды шайқалып, бірнеше рет аударылып түскен. Апат салдарынан Hyundai жүргізушісі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.