Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда үш көліктің қатысуымен ірі жол апаты болды

Алматыда үш көліктің қатысуымен ірі жол апаты болды
Фото: Zakon.kz

18 ақпанда Алматыда Розыбакиев пен Бабаев көшелерінің қиылысында үш көлік соқтығысқан, деп хабарлайды kazlenta.kz тілішсі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Куәгерлердің айтуынша, Toyota Camry маркалы автокөлігі Розыбакиев көшесімен оңтүстік бағытта келе жатқан.

Жүргізуші Бабаев көшесі тұсында қиылысқа бұрылмақ болған.

Осы кезде Розыбакиев көшесімен солтүстік бағытта Chevrolet Enix маркалы автокөлік жүріп келе жатқан.

Бұрылу кезінде Toyota көлігі Chevrolet-ті жібермеген. Осылайша Chevrolet Camry-мен соқтығысты. Көлік қатты соққыдан тұраққа қарай ұшып кеткен.

Осылайша ол тұрақтағы Hyundai Elantra-ға соқтығысқан.

Артынша Chevrolet жол жиектесынан секіріп, тротуардан өтіп, бутикке соғылып, гүл сататын дүкеннің терезесін қиратты.

Жол апатынан Chevrolet маркалы автокөліктің жүргізушісі мен жолаушысы зардап шекті.

Куәгерлер көліктен ішімдіктің исі мүңкіп тұрғанын айтты. Сонымен қатар, алғашқыда адамдар Chevrolet жүргізушісін қайтыс болды деп болжаған. Алайда, дәрігерлер дер кезінде келіп, ер адамды құтқарып қалды. Қазір ол ауруханада.

Бұған дейін Алматыда жол талғамайтын көліктің жеке үйдің қабырғасына соғылғаны хабарланған болатын.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады