8 ақпанда Алматы-Бішкек тас жолында, алдын ала мәліметтер бойынша, TOYOTA Chaser автокөлігінің жүргізушісі қашықтықты сақтамай алмай, алда келе жатқан Toyota Ipsum автокөлігімен соқтығысқан, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Жол - көлік оқиғасы салдарынан Toyota Ipsum жол жиегіне ұшып түсіп, аударылып қалған.
"Аталған көліктің жүргізушісі ауруханаға жеткізілді. Бұл факт Қарасай ауданының ПБ-да тіркелді, қажетті тергеу әрекеттері қолға алынды", - деді Zakon.kz редакциясына Алматы облысы ПД-ның баспасөз қызметі.