Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Павлодар облысында көлік кюветке аударылып, төрт адам зардап шекті

Павлодар облысында көлік кюветке аударылып, төрт адам зардап шекті
Фото: pixabay.com

Павлодар облысында көлік кюветке аударылып, төрт адам зардап шекті, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

26 тамыз сағат 21:45-те Павлодар – Қызылорда автожолында 36 жастағы Kio Rio автокөлігінің жүргізушісі көлікті басқара алмай жол шетіне аударылып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші, оның 10 жастағы ұлы, 4 жасар қызы және жарақат алған 37 жастағы жолаушы Екібастұз қаласындағы ауруханаға жатқызылды. Автокөлік айып тұрағына қамалды.

27 тамыз сағат 15:50-де Павлодар қаласында Торайғыров – Ак.Бектұров көшелерінің қиылысында Nissan автокөлігінің жүргізушісі бағдаршамның тыйым салу сигналын елемей, 3 көлікпен: Toyota Estima, Lexus және Hyundai автокөліктерімен соқтығысқан.

Салдарынан Nissan және Toyota Estima көлігінің жүргізушісі, Hyundai көлігінің 46 жастағы жолаушысы да жарақат алып Павлодар қаласындағы ауруханаға жатқызылды.

Тағы бір жол-көлік оқиғасы 27 тамыз күні сағат 17:30-да болған. Павлодар – Қызылорда автожолының 140 шақырымында, Байет ауылынан 2 шақырым жерде, BMW автокөлігінің 40 жастағы жүргізушісі көлікті басқара алмай, металл тиегішке соғылып, кюветке аударылған.

Жүргізуші алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды. Автоматты режимде жұмыс істейтін Қызылорда – Павлодар автожолында орнатылған “Зерек-2” аппараттық-бағдарламалық кешенінің мәліметтеріне сәйкес, бұл көлік құралында жылдамдымдығы – 218 км/сағ. тіркелген.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Ұлытау облысында бақшасына есірткі өсірген тұрғын анықталды
Марат Қарабаев Ұлытау облысының даму жоспарымен танысты
Димаш өзінің Stranger әлемдік турына кәсіби бишілерді іздеп жатыр
Мультимедиа
Мемлекет басшысы БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттары жөніндегі саммитіне қатысты
Қазақстанда ҰҚШҰ-ға қатысушы мемлекеттердің халықаралық есірткіге қарсы операциясы аяқталды
Қазақстанда күзгі шақыру науқаны басталды
Мемлекет басшысы «ЭКСПО Орталық Азия – 2023» көрмесіне барды
Қосқұдық ауылында мектеп ашылды