Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алмалы ауданында тағы бір жасыл демалыс аймағы жаңартылып жатыр

Алмалы ауданында тағы бір жасыл демалыс аймағы жаңартылып жатыр
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алмалы ауданында қала тұрғындары үшін жайлы демалыс аймағын абаттандыру жұмыстары басталды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жөндеу жұмыстары Розыбакиев көшесінің бойында, Розыбакиев пен Төле би көшелерінің қиылысында жүргізіліп жатыр. Осы аптада аудан әкімі тұрғындармен кездесіп, алдағы абаттандыру жұмыстарының барысын талқылады. Естеріңізге сала кетейік, былтыр «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында тұрғындармен бірлесіп, бұрынғы бейберекет сауда орнының орнында жаңа саябақ салынған болатын. Ол Розыбакиев көшесінің бойында (Розыбакиев пен Дүйсенов көшелерінің қиылысында) орналасқан және ашылған сәттен бастап-ақ аудан тұрғындарының сүйікті демалыс орнына айналды. Ал дәл осы саябақтан сәл жоғарырақ, Төле би көшесіне жақын жерде тағы бір сквер бар, ол 2016 жылдан бері, яғни он жылға жуық уақыттан бері жаңартылмаған. Тұрғындардың көптеген өтінішімен биыл бұл аумақты жаңарту жұмыстары ағымдағы жөндеу аясында қолға алынды.

Жоспарланған жұмыстар:
– көрші сквермен бірыңғай стильде заманауи жарықтандыру орнату (кабельдерді ауыстыру, жаңа тіректер қою);
– жасыл желекті көбейту: көгал төсеу, бұталар мен ірі ағаштар отырғызу, автоматты суару және тамшылатып суару жүйесін орнату;
– демалыс және спорт аймағын абаттандыру: жаттығу құрылғылары, әткеншектер, пергола, орындықтар мен қоқыс жәшіктерін орнату.

Жаңарту нәтижесінде екі көршілес аумақ — өткен жылы салынған сквер мен биыл абаттандырылып жатқан аймақ біртұтас жасыл демалыс кеңістігін қалыптастырады. Қараша айының соңына дейін жақын маңдағы тұрғындар Розыбакиев көшесінің батыс жағында, Төле би көшесінен Дүйсенов көшесіне дейінгі кең, көрікті жасыл аймақта серуендеп, спортпен шұғылданып, демала алады.

Алмалы ауданының әкімдігі қалалық ортаны жүйелі түрде жаңартып, ауданның экологиялық келбетін жақсартып, оны тұрғындар үшін барынша жайлы әрі қолайлы ету бағытында жұмыстарды жалғастырып жатыр.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті