Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда Мүсірепов атындағы театр жанындағы сквер көркейтіледі

Алматыда Мүсірепов атындағы театр жанындағы сквер көркейтіледі
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы әкімі Алмалы ауданындағы «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы бойынша жүзеге асқан жобаларды көріп шықты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алмалы ауданына жұмыс сапары барысында Алматы әкімі Дархан Сатыбалды жөндеу жұмыстары жүріп жатқан А.Иманов атындағы скверге барды. Мұнда кеспе тастар төселіп, сыртқы жиһаздар жаңартылып, пергола орнатылыпты. Бұған дейін тұрғындардың өтінішімен балалардың ойын алаңы мен ит серуендеуге арналған аумақ жасалған болатын.

Сквер Мүсірепов атындағы театрдың маңында орналасқан. Мегаполис әкімі оның жай-күйімен танысты, өнер ордасынның айналасын күрделі жаңарту жоспарланып отыр. Сәулетші Нелли Лаптева қала басшысына аумақты болашақта көркейту жобасын ұсынды. Жоба аясында заманауи жарық тартылып, ойын алаңы орнатылады, әткеншегі бар пергола, ыңғайлы демалыс орындарын құру секілді жұмыстар жүргізілмек.

Жобамен танысу кезінде қала басшысы кеңістікті театр тақырыбына сай безендірудің маңыздылығына тоқталды. Бұл бағытта Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры маңындағы аумақтың көркемделу үлгісі ескерілмек.

Сәулетші бұл тұжырымдамада балаларға арналған ойын элементтері мен интерактивті жарық жүйесі қарастырылғанын атап өтті. Жарық құрылғылар қимыл-қозғалыс кезінде, адам жүргенде автоматты түрде жанады.

Жұмыс сапарының соңында әкім Гоголь көшесіндегі бір аулаға барды. Мұнда «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында инфрақұрылым жаңартылып жатыр. Дархан Сатыбалды тұрғындармен тілдесіп, пікірін тыңдады. Алматылықтар ұсыныстарының ескерілгенін және жұмыстардың сапасына көңілі толатынын жеткізді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады