Алматыда қоғамдық кеңістікті көріктендірудің жаңа жобалары дайындалып жатыр, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматыда Бостандық ауданындағы бірнеше қоғамдық кеңістікті қайта құру және абаттандыру жобасы дайындалуда.Қала басшысы Ерболат Досаев тұрғындармен кездесуде Тұңғыш Президент саябағына, «Атакент» КҚКО аумағына, «Южный» саябағына және Нұр-Алатау шағын ауданындағы скверге назар аударылатынын айтты. Сондай-ақ, цирк алдындағы, Мұстафин көшесінің бойында және ҚазҰУ Студенттер сарайының алдындағы субұрқақтарды күрделі жөндеу жоспарланған. Құжаттаманың мемлекеттік сараптау нәтижелері желтоқсанда белгілі болады.Биыл ауданда «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында 50 жобаны көріктендіруге 2,8 млрд теңге бөлінді. Соның бірі қыркүйекте аяқталатын Абай даңғылындағы жаяу жүргіншілер аймағын абаттандыру жобасы, онда қала тұрғындары үшін қолайлы жағдай жасалады.6-09-2024, 11:20
Алматыда қоғамдық кеңістікті көріктендірудің жаңа жобалары дайындалып жатыр
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз