Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Шымкент қаласы аумағында креативті индустрия саласының орталық хабы ашылатын болады

Шымкент қаласы аумағында креативті индустрия саласының орталық хабы ашылатын болады
Фото: "Шымкент келбеті" газеті

Шырайлы мекен Шымкент  қаласында туризм саласының бағыттарын жандандыруда Креативті хаб  жұмысын бастамақ. 

Ол орталық келесі қызметтерді атқаратын болады:
 1.⁠ ⁠Креативті индустрия субъектілеріне ақпараттық-әдістемелік көмек көрсету;
 2.⁠ ⁠Қаржылай қолдау тетіктерін алу бойынша сүйемелдеу;
 3.⁠ ⁠Маркетингтік ілгерілету және қаланың имиджін қалыптастыру;
 4.⁠ ⁠Креативті индустрия субъектілеріне тәжірибе алмасуда тегін алаң;
 5.⁠ ⁠Қаланың керативті жобалары мен шығармашылық тұлғаларын халықаралық нарықта ілгерілетуге ықпал жасау;
 6.⁠ ⁠Қалаға креативті жобалар мен ивенттер тарту.

Бүгінгі таңда IT-технология бағытында «Sifro», кино және анимация бағытында «Mandarin Pictures» және «Sak», «Жанна Елтанованың Сән үйі», «Turan Models» және «Amanat» компанияларымен дизайн және сән үлгісін дамыту бағытында жұмыстар жүргізілуде.

Сонымен қатар, Кәсіпкерлер палатасымен бірлесе сала кәсіпкерлерімен кездесу ұйымдастырылып, креативті индустрияның өзекті мәселелері мен ұсыныстар тыңдалды. Нәтижесінде «Шымкент қаласының дизайнерлер ассоциациясы» «Шымкент қаласы креативті индустрия ассоциациясы» болып қайта құрылымдалды және «Ташенов университетінің» базасында «Креативті бизнес-инкубатор» құрылды.

Кәсіпкерлердің ұсынысы бойынша қалаға келетін қонақтарға арналған креативті тақырыптық маршруттар дайындалып, арнайы буклеттер жасалды. Наурыз айында «Шымкент қаласы креативті индустрия ассоциациясымен» бірлесе Нью-Йорк, Милан, Париж секілді ірі сән апталықтарының негізін қалаушылар бастаған 30 шетелдік дизайнерлердің (Италия, Ұлыбритания, Нидерланды, АҚШ, Жапония, және т.б.) қатысуымен «Responsible Fashion Series» іс-шарасы ұйымдастырылды. Шара барысында қатысушылар «ShymQala» тарихи-мәдени кешенімен танысып, ұлттық киімдердің сән көрсетілімін тамашалады және ұлттық тағамдар дайындаудың шеберлік-сағаттарына қатысты.
Креативті индустрия саласында тәжірибе алмасып, халықаралық эксперттерді тарту мақсатында тамыз айында «Креативті апталық» өткізу жоспарлануда.

Креативті индустрия саласын қолдау, насихаттау және одан әрі дамыту бойынша 2023 жылдың желтоқсан айында «creative industry forum - 2023» форум – жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Форумға 500 аса қала тұрғындары, сала мамандары мен қонақтар қатысты. Форум аясында 10 меморандумға қол қойылды.
 
Басты нәтиже - 2024 жылы Шымкент қаласы аумағында креативті индустрия саласының орталық хабы ашылатын болды. Оған қазірдің өзінде, сала мамандарынан 30 өтінім келіп түсті.  Сонымен қоса, 2024 жылдың басында креативті индустрия саласын дамытуға арналған жұмыс штабы құрылатын болады.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді