Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды қала тұрғындарын алаңдатып отырған ең үлкен мәселенің мердігерлер жұмысына байланысты екенін атады

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды қала тұрғындарын алаңдатып отырған ең үлкен мәселенің мердігерлер жұмысына байланысты екенін атады
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды мердігер ұйымдардың құрылтайшыларымен өткен кеңесте қаланың жобаларға немқұрайлы қарауға жол берілмейтінін айтты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әкімнің айтуынша, миллиардтаған қаржы алған мердігер ұйымдар уәде етілген мерзімде ісін аяқтамай, сапасыз жұмыс істеп, қала келбетіне нұқсан келтіріп отыр.

«Бірнеше ондаған техника мен жұмысшы жұмылдырылады деп жоспарланған нысандарда бар болғаны бір-екі көлік пен санаулы адам жүр. Ал тұрғындар опырылып кеткен жолға, шаң мен топыраққа, қазылғаннан кейін қайта қалпына келтірілмеген аумақтарға шағымданып жатыр. Бұл жұмыс емес, бұл жауапсыздық», – деді әкім.

Мердігерлердің салғырттығы салдарынан жобалар ұзаққа созылып, кейде қаржылық қиындықтарға байланысты тоқтап қалады. Құрылыс барысында технологиялық талаптардың сақталмауы мен қазылған жолдың қайта қалпына келтірілмеуі де қала басшысының сынына ұшырады.

«Әкімнің айтуынша, небәрі бірнеше мердігер ұйымға ғана 38 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінгендіктен, мұндай ауқымды инвестиция кезінде қала билігі нәтижені талап етуге толық құқылы.

«Жағдайды сыртқы себептерге сілтеп, кінәні басқаға артуға болмайды. Жұмысты сапалы да уақытылы орындасын, әйтпесе Алматы жобаларынан оларды шеттетеміз. Салғырттыққа жол бергендерді лицензиясынан айырып, жауапқа тартамыз», – деді Дархан Сатыбалды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті