Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматы әкімі Жетісу ауданындағы су құбырын қайта жаңғырту жұмыстарын жеделдетуді тапсырды

Алматы әкімі Жетісу ауданындағы су құбырын қайта жаңғырту жұмыстарын жеделдетуді тапсырды
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Жетісу ауданында ұзындығы шамамен 2 шақырым болатын су құбыры желісінің қайта жаңғырту барысын өзі тексерді. Жұмыстарды тапсырыс беруші – «Алматы Су» МКК, мердігер – «СК Megaron» ЖШС атқаруда, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға орнында қала әкімі мердігерге жұмыстың кестеден кешігіп жатқанын айтып, қатаң ескерту жасады.

«Жұмыстар кідіріссіз аяқталуға тиіс. Қазанда жылыту маусымы басталады, алда жаңбырлы күндер тұр, бір минутты да жоғалтуға болмайды. Тәулік бойы жұмыс істеңіздер, ешқандай кідіріс болмауы қажет», – деп атап өтті әкім.

Дархан Сатыбалды мердігерлерді жеке жауапкершілікке шақырып, жобаның орындалуы өзінің тікелей бақылауында екенін жеткізді.

Қайта жаңғырту жұмыстары Герцен көшесі бойында – Рысқұлов даңғылынан Вильямс көшесіне дейінгі аралықты қамтиды. Жалпы ұзындығы 1,9 шақырым желінің 847 метрі – магистральдық, ал 1 шақырымнан астамы – абоненттік желі.

Құрылыс-монтаж жұмыстары 2025 жылдың тамызында басталды. Бастапқыда мердігерге қарашаға дейін мерзім берілген болатын. Алайда әкім тапсырмасымен жұмыстар жеделдетіліп, Жетісу ауданының тұрғындары жылыту маусымының басында суға қол жеткізуге тиіс.

Қазіргі таңда 560 метрде топырақ қазылып, 456 метр құбыр төселді, 420 метрде кері толтыру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ диаметрі 630 мм болатын 12 тармақ құбыр орнатылып, 8 темірбетон құрылғысы қойылды. Барлық кезең аяқталғаннан кейін мердігер шамамен 1 900 шаршы метр жол жабындысын қалпына келтіруге міндетті.

Қайта жаңғырту жұмыстары Жетісу ауданы тұрғындарын үздіксіз әрі сапалы ауыз сумен сенімді түрде қамтуға мүмкіндік береді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті