Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елордалық полицейлер өз үйінде есірткі өсірген ер адамды қолға түсірді

Елордалық полицейлер өз үйінде есірткі өсірген ер адамды қолға түсірді
Фото: Астана қ.әкімдігі

Астанада қалалық прокуратура мен Полиция департаментінің үйлестіруімен «Заң және тәртіп» қағидаты аясында есірткі қылмысына қарсы айлық жалғасып жатыр. Іс-шара барысында құқық қорғау органдары өз үйінде есірткі өсіріп, оны таратумен айналысқан ер адамды анықтады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жедел іс-шара кезінде полицейлер ер адамның өз үйінде марихуана өсіргенін анықтады. Оның бір бөлмесінде шағын жылыжай жабдықталғаны белгілі болды. Тәртіп сақшылары оқиға орнынан 15 құмыраға егілген тыйым салынған өсімдіктер мен оларды өсіруге арналған қажетті құрал-жабдықтарды тәркіледі.Тергеу барысында ер адамның бұл іске мұқият дайындалғаны анықталды – арнайы шам орнатып, желдеткіш жүргізіп, қажетті температуралық режимді сақтап отырған. Осымен шектелмей, ол синтетикалық есірткіні сатумен де айналысқан. Оны жасырып кету барысында автотұрақта ұстады.

Тінту барысында оның үйінен, көлігінен және жеке заттарынан құрамында Alpha PVP бар 40-тан астам орам табылып, тәркіленді.Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.Айта кету керек, құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді өсіргені үшін де, оларды өткізгені үшін де қатаң қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Құқық қорғау органдары азаматтарды кез келген заңсыз есірткі айналымы фактілері туралы 102 нөміріне хабарлауға шақырады.

Елордада өтіп жатқан есірткіге қарсы мұндай шаралар халықтың хабардарлығын арттыруға, полиция мен қоғам арасындағы сенімді нығайтуға, сондай-ақ есірткі қылмысына және өзге де қоғамдық қауіпсіздікке қатер төндіретін әрекеттерге бірлесіп қарсы тұруға зор үлес қосады.«Заң және тәртіп» қағидаты аясында жүзеге асырылып жатқан кешенді шаралар бірлескен рейдтерді, оқу орындарында профилактикалық түсіндіру жүргізуді, сондай-ақ тыйым салынған заттарды тарататын интернет-ресурстарды анықтап, жоюды қамтиды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті