Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада полицейлер фитозертхананың жұмысын тоқтатты

Астанада полицейлер фитозертхананың жұмысын тоқтатты
Фото: Polisia.kz

Астанада полицейлер фитозертхананың жұмысын тоқтатты, — деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында 34 жастағы жергілікті тұрғынды марихуана өсіргені үшін ұстады. Анықталғандай, ол өз үйінде фитозертхана ұйымдастырған. Үйінде арнайы бөлме бөліп, қажетті жабдықтар орнатқан. Медициналық білімі бар ол өсіру процесін мұқият зерттеп, қажетті барлық кезеңдерді сақтаған. Тұрғылықты жерінде тінту жүргізу барысында полиция қызметкерлері ерекше иісі бар өсімдік тектес бұталар өсірілген ыдыстарды тапты. Сондай-ақ ультракүлгін шамдар, ауа алмасу жүйесіне арналған желдеткіш, шегуге арналған құрылғы, электронды таразы, тұқым ұнтақтайтын аппарат, марихуана тұқымдары және есірткі өсіруге арналған арнайы құралдар тәркіленді.

Сараптама қорытындысына сәйкес, зерттеуге ұсынылған үлгілер құрамында есірткі бар каннабис текті өсімдіктер екені анықталды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс тіркелді. Полиция департаменті азаматтарды ескертеді: құрамында есірткі бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады.



скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады