Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада «суперкамералар» полицияға есірткі сату арнасын анықтауға көмектесті

Астанада «суперкамералар» полицияға есірткі сату арнасын анықтауға көмектесті
Фото: Астана қ.әкімдігі

Астанада прокуратураның үйлестіруімен Полиция департаменті жүзеге асырып жатқан нашақорлыққа қарсы айлық жалғасуда. Құқық қорғаушылар елордада есірткі тарату деректерін анықтап, ірі сату арнасын жойды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.  

Орталық операторлары камералар арқылы азаматтардың күмәнді әрекеттерін тіркеген. Мәселен, тәртіп сақшыларына гараж массивтерінің жанында ер адам мен әйелдің жерден бірнәрсе іздеп жүрген қимылдары күдікті көрінген. Тексеру барысында олардың жерден есірткі алмақ болғаны анықталды. Олар интернет арқылы альфа-PVP атты есірткі затына тапсырыс беріп, көрсетілген мекенжайға келген. Тағы бір жағдайда бейнебақылау камераларына жас жігіттің күдікті әрекеттері түсіп қалған. Полиция жасағы елорданың 20 жастағы тұрғынын ұстады.  Оның жанынан «Скорость» деп аталатын есірткіге жататын 10 түйіншек тәркіленді.

Тергеу барысында оның есірткіні арнаы әдіспен таратқаны анықталды. Сонымен қатар, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция есірткінің ірі партиясын оңтүстік өңірден алып, елордада таратумен айналысқан 34 жастағы ер адамды анықтады. Белгілі болғандай, оған тыйым салынған заттар байланыссыз тәсілмен жеткізіліп отырған, яғни жол бойына жасырылып қалдырылған, ал ол өзі «тауарды» алып, әрі қарай сатқан. Күдіктінің пәтерін тінту кезінде 21 кг тыйым салынған зат табылып, тәркіленді.  Оның ішінде 11 кг гашиш пен 10 кг марихуана бар. Медициналық сараптама нәтижесінде ер адамның ұсталған сәтте есірткілік мас күйде болғаны анықталды.

Күдікті қамауға алынып, уақытша ұстау изоляторына жеткізілді. Барлық дерек бойынша тергеу жүргізілуде. Құқық қорғау органдары елорда тұрғындарын қырағы болуға және есірткінің заңсыз айналымына қатысты кез келген дерек туралы бірден 102 нөміріне хабарлауға шақырады. Астанада жүзеге асырылып жатқан нашақорлыққа қарсы айлық халықтың хабардарлығын арттыруға, полиция мен қоғам арасындағы сенімді нығайтуға, сондай-ақ есірткі қылмыстарымен және өзге де қоғамдық қауіпсіздікке қатер төндіретін жағдайлармен бірлесіп күресуге маңызды үлес қосады.  «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында жүзеге асырылып жатқан шаралар бірлескен рейдтерді, оқу орындарында профилактикалық әңгімелер өткізуді, сондай-ақ тыйым салынған заттарды тарататын интернет-ресурстарды анықтап, жою жұмысын қамтиды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті