Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада синтетикалық есірткі жасырған күдікті қолға түсті

Астанада синтетикалық есірткі жасырған күдікті қолға түсті
Фото: Polisia.kz

Астанада синтетикалық есірткі жасырған күдікті қолға түсті, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Елорда полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы жедел-іздестіру шаралары барысында Жұбанов көшесіндегі үйлердің бірінің жанында 31 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Жеке тінту кезінде тәртіп сақшылары оның қалтасынан өзіне тән иісі бар көк түсті зат салынған 10 орам тапты. Кейін Honda автокөліктің салонын тексеру кезінде дәл сондай зат салынған тағы 11 орам тәркіленді. Сараптама нәтижесінде бұл орамдарда синтетикалық есірткі — "альфа-PVP" бары анықталды. Тергеу мәліметінше, күдіктіге есірткі таратушы ретінде жұмыс істеуді Telegram әлеуметтік желісі арқылы ұсынған. Ол алдын ала дайындалған, изолентаға оралған есірткі орамдарын жасырын орындардан алып, "қойма" жасап отырған.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, тергеу жалғасып жатыр. Астана қаласы полиция департаменті азаматтарға синтетикалық және өзге де есірткі құралдарын, психотроптық заттарды "қойма" тәсілімен — яғни, жасырын орындарда сақтау және тарату арқылы айналымға енгізуге қатысқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті