Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Есірткіге қарсы күрес: Астанада тағы бір заңсыз әрекеттің жолы кесілді

Есірткіге қарсы күрес: Астанада тағы бір заңсыз әрекеттің жолы кесілді
Фото: Polisia.kz

Астанада тағы бір заңсыз әрекеттің жолы кесілді, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Елордада прокуратурамен бірлесіп жүзеге асырылып жатқан 30 күндік есірткі қылмыстарына қарсы іс-шара аясында полицейлер 28 жастағы қала тұрғынының заңсыз әрекетінің жолын кесті. Күдіктінің есірткі заттарын сақтап, таратумен айналысқаны анықталды. Жедел іс-шара барысында оның пәтерінің балконында тыйым салынған заттарды пакеттерге салып отырғаны белгілі болды. Тінту кезінде полиция қызметкерлері ақ түсті, кристалл тәрізді 160 түйіншекті тәркіледі. Сараптама қорытындысына сәйкес, алынған зат Альфа-PVP болып шықты. Аталған факті бойынша есірткі заттарын сақтау және сату дерегімен қылмыстық іс қозғалды. Істің барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

Елорда полициясы азаматтарға есірткі заттарын сақтау, сату және тарату үшін заңнамада қатаң қылмыстық жауапкершілік көзделгенін ескертеді. Құқық қорғау органдары тұрғындарды қырағы болуға және есірткінің заңсыз айналымына қатысты кез келген дерек бойынша "102" нөміріне дереу хабар беруге шақырады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті