Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Полиция Шымкентке есірткі жеткізу арнасын жойды

Полиция Шымкентке есірткі жеткізу арнасын жойды
Фото: polisia.kz

Полиция Шымкентке есірткі жеткізу арнасын жойды. Құны 30 млн теңгеден асатын есірткі құралдары тәркіленді, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Арнайы іс-шаралар барысында ЕҚҚІҚБ-ның қызметкерлері қала аумағында психотроптық заттарды таратумен айналысқан 24 жастағы ер адамды ұстады. Одан жарты келі мефедрон және 25 бір реттік доза салынған орама табылды.

Азаматтың жалдамалы пәтерінде 1 келіден астам әртүрлі есірткі құралдары және оларды өлшеп орауға арналған заттар табылды – таразы, бетперде, арнайы көзілдірік және т.б. Тексеру кезінде оған есірткі құралдарын Алматы тұрғыны қалааралық такси арқылы жолдап тұратыны анықталды.

Күдікті әйелді полицейлер көрші қаладағы тұрғылықты жерінен ұстады. Ол өз үйінде есірткі таблеткаларын дайындауға арналған зертхана ұйымдастырған екен. Азаматшадан 1,5 келі “синтетика” және басқа да есірткі түрлері табылды.

Әйел шымкенттік танысына тағы бір “сәлемдеме” жіберіп үлгергені белгілі болды. Смартфоннан босаған қорапқа ол ЛСД психоактивті затын жасырып, таксиге арқылы салып жіберген. Алайда, тәртіп сақшылары автокөлікті анықтап, есірткіні тәркіледі.

Қазіргі уақытта күдіктілер тергеу изоляторында. Полиция тергеп-тексеру әрекеттерін жүргізіліп жатыр.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны шыққанын сүйіншіледі
Димаш Құдайберген аты аңызға айналған опера әншісімен бірге ән айтты
Әлем жұлдыздары Астанада өткен Қысқы қайырымдылық балын қолдады
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясын өткізді
Олжас Бектенов Nazarbayev University ғылыми әзірлемелерімен танысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Әзербайжанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің бірінші отырысына қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақтың ойындары» халықаралық турнирінің ашылу рәсіміне қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттік жастар кадр резервінің форумына қатысты