Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада спорт мектептерінің алғашқы жәрмеңкесі өтті

Астанада спорт мектептерінің алғашқы жәрмеңкесі өтті
Фото: Астана қ.әкімдігі

Елордадағы №113 мектепте «Өз бағытыңды таңда!» атты спорт жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Оған 200-ден астам оқушы қатысып, Астананың балалары мен жасөспірімдеріне арналған 10 спорт мектебінің жұмысымен және мүмкіндіктерімен танысты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жәрмеңкеде әртүрлі бағыттар таныстырылды. Хоккей мектебі 5 жастан бастап балаларды қабылдап, болашақта «Барыс» пен халықаралық лигаларға ойыншылар дайындайды. №6 веломектепте трек, тасжол және маунтинбайк бағыттары бойынша жаттығулар өтеді. 

№4 мектепте су спорты түрлері дамытылып жатыр: жүзу, синхронды жүзу, ескек есу және суға секіру. №5 мектепте ойын түрлерінен (баскетбол, волейбол, гандбол) секциялар жұмыс істейді. №2 мектеп қысқы спорт түрлеріне маманданған: шаңғы жарысы, мәнерлеп сырғанау, шорт-трек және конькимен жүгіру.

№3 мектеп бокс, күрес, дзюдо, ауыр атлетика және таэквондо бойынша болашақ чемпиондарды тәрбиелейді. №7 мектепте жекпе-жек түрлері қамтылған: самбо, каратэ, муай-тай, джиу-джитсу, кикбоксинг және ұлттық спорт түрлері. №8 мектеп футбол мен футзалға шақырса, №9 мектепте атыс, семсерлесу, жеңіл атлетика және бадминтон үйретіледі. №1 мектепте спорттық, көркем және батут гимнастикасы дамып келеді.

Жәрмеңкеде белгілі спортшылар жүріп өткен жолдары жайлы ой бөлісті. Олардың қатарында Олимпиаданың қола жүлдегері Арман Шылманов пен киокушинкай каратэсінен спорт шебері Динара Талғатбек бар. Қазіргі уақытта Астанада 8,7 мыңнан астам бала 405 жаттықтырушының жетекшілігімен спортпен тегін айналысады. Қалада 819 спорт нысаны жұмыс істейді. Биыл жаңа кешендер ашылып, Қ.Мұнайтпасов атындағы Орталық стадион жаңғыртудан өтеді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті