Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада IX қысқы Азия ойындарына қатысатын Қазақстан құрамасын салтанатты шығарып салу рәсімі өтті

Астанада IX қысқы Азия ойындарына қатысатын Қазақстан құрамасын салтанатты шығарып салу рәсімі өтті
Фото: ҚР Туризм және спорт министрлігі

Елордадағы Qazaqstan жеңіл атлетика спорт кешенінде IX қысқы Азия ойындарына Қазақстан ұлттық құрамасының спортшыларын салтанатты шығарып салу рәсімі өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

Сары құрлық бәсекесі 7-14 ақпан күндері Қытай Халық Республикасының Харбин және Ябули қалаларында өтеді.Салтанатты жиынға ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов, Ұлттық Олимпиада комитетінің өкілдері, 1998 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының жүлдегері, 1996 жылғы қысқы Азия ойындарының екі дүркін чемпионы Людмила Прокашева, шорт-тректен ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Мәдіғали Қарсыбеков, спорт ардагерлері, жаттықтырушылар мен қоғам өкілдері қатысты.Іс-шара барысында IX қысқы Азия ойындарының ашылу рәсімінде Ту ұстайтын спортшыларға Қазақстан Республикасының Туы салтанатты түрде тапсырылды. Харбиндегі Ойындардың ашылу салтанатында еліміздің байрағын хоккейден ҚР спорт шебері Әділ Бекетаев пен шорт-тректен халықаралық дәрежедегі спорт шебері Ольга Тихонова алып шығады. Өз кезегінде Әділ Бекетаев Ту ұстаушы ретінде көпшіліктің алдына шығып, салтанатты түрде ант берді.Қазақстан құрамасынан Ойындарға 137 спортшы қатысады. Олар 6 спорт түрінен 10 дисциплинада (конькимен жүгіру спорты, шорт-трек, мәнерлеп сырғанау, биатлон, керлинг, шаңғы жарыстары, тау шаңғысы, фристайл, ски-альпинизм, шайбалы хоккей) өнер көрсетеді. Ұлттық команда 51 медаль жиынтығына таласады.Ербол Мырзабосынов спортшыларға сәттілік тілеп, сары құрлық бәсекесінің еліміз үшін маңызды дода екенін атап өтті.
«IX қысқы Азия ойындарының басталуына санаулы күндер қалды. Қазақстан ұлттық құрамасы қысқы Азия ойындарына толық дайын. Оған қажетті барлық жағдай жасалды. Ойындарға сапалы дайындалу үшін ұлттық құрама 137 оқу-жаттығу жиынын өткізді. Спортшыларымыз 86 халықаралық жарыста өнер көрсетіп, 33 медаль жеңіп алды. Жалпы, елімізде қысқы спорт түрлерінде жеңістермен өрілген жақсы дәстүр бар. Бүгінде тек елімізге ғана емес, бүкіл әлемге танымал даңқты спортшыларымыз халықаралық қысқы жарыстарда өнер көрсетіп, үнемі жүлдегерлер қатарынан көрініп жүр. Алдағы қысқы Азия ойындарына қатысатын барлық спортшыға сәттілік тілеймін. Қысқы Азия ойындары – еліміздің спорттық әлеуетін көрсетіп қана қоймай, әрбір спортшы үшін үлкен жетістіктерге жетуге талпыныс болатын маңызды кезең. Құраманың әр жеңісі – еліміз үшін үлкен қуаныш!», – деді Ербол Мырзабосынов.
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты