Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстан – фристайлдан әлемдегі үздік төрт елдің қатарында: FIS пікірі

Қазақстан – фристайлдан әлемдегі үздік төрт елдің қатарында: FIS пікірі
Фото: ҚР Туризм және спорт министрлігі

Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Халықаралық шаңғы спорты федерациясының (FIS) фристайл бойынша рейс директоры Андреа Ринальдимен кездесті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында тараптар шаңғы спорт түрлерін, оның ішінде фристайлды халықаралық деңгейде және елімізде дамыту мүмкіндіктерін талқылады. Әсіресе, елімізде өтетін халықаралық ірі турнирлерге ерекше назар аударылды. Мәселен, биылғы қаңтарда Алматыда ел тарихында алғаш рет фристайлдың могул және акробатика түрлерінен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты ұйымдастырылды. Андреа Ринальди чемпионаттың жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын айтып, Дінмұхамед Райымқұлов пен Анастасия Городконың өнерін жоғары бағалады. Сонымен қатар ол Қазақстанды шаңғы спорт түрлері бойынша әлемнің үздік төрт елінің қатарына жатқызатынын айтты.

FIS-тің фристайл бойынша рейс директоры аталған жетістіктерге мемлекет тарапынан жүйелі қолдау мен Қазақстанның шаңғы спорт түрлері қауымдастығының Халықаралық шаңғы спорты федерациясымен тиімді ынтымақтастығының нәтижесінде қол жеткізілгенін атап өтті.

Жиын соңында тараптар тығыз әріптестікті сақтап, спортшыларды қолдау және фристайлды дамыту бағытындағы тиімді ынтымақтастықты жалғастыруға ниетті екендерін білдірді.

Айта кетейік, Ербол Мырзабосынов Мемлекет басшысының халықаралық спорт федерацияларымен ынтымақтастықты нығайту жөніндегі тапсырмасына сәйкес бүгінге дейін бірқатар ұйым басшылығымен кездескен болатын.

Елімізге Халықаралық ауыр атлетика федерациясының (IWF) президенті Мұхаммед Хасан Джалуд әл-Шаммари, Азия ауыр атлетика федерациясының Техникалық комитетінің төрайымы Ольга Соловьева, Халықаралық су спорты федерациясының президенті Хусейн Әл-Мусаллам, Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) президенті Мариус Визер, Біріккен күрес әлемі халықаралық федерациясының президенті Ненад Лалович және өзге де лауазымды тұлғалар ресми сапармен келді.

Еске салсақ, Милан-2026 қысқы Олимпиадасының басталуына 206 күн қалды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті