Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Отандық геологиялық барлау Starlink көмегімен жетуге қиын аймақтарды коммуникациямен қамтамасыз етуді бастады

Отандық геологиялық барлау Starlink көмегімен жетуге қиын аймақтарды коммуникациямен қамтамасыз етуді бастады
Фото: ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

«Геологияны цифрландыру» жобасын жүзеге асыру аясында бұрғылау қондырғылары мен дала лагерлерінде Starlink терминалдары орнатылды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне сілтеме жасап.

Жоғары жылдамдықтағы байланыс арнасы геологиялық және геофизикалық үлкен деректерді нақты уақытта беру мүмкіндігін қамтамасыз етті. Сонымен қатар, ол бұрғылау параметрлері мен техниканың жай-күйін бақылауға арналған IoT-сенсорларды интеграциялауға, учаскеге шықпай-ақ персоналға қолдау көрсетуге, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігін арттыруға тиімді жағдай жасамақ.

Қосымша алаңнан бейнеағын Жезқазған қаласындағы Геологиялық кластердің Диспетчерлік орталығына жіберілуде.

Kazakhmys Barlau бұрғылау қондырғыларының инфрақұрылымына спутниктік терминалдарды интеграциялау, геологиялық барлауды цифрландыру жолындағы стратегиялық қадам.  Ол өз кезегінде ақпараттық ағындарды үздіксіз қамтамасыз етіп, басқару тиімділігін арттырады, сондай-ақ, жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдауды енгізуге платформа қалыптастырмақ.

Бүгінгі таңда Kazakhmys Barlau компаниясының барлық бұрғылау қондырғылары орналасқан жері мен жанармай деңгейін бақылау жүйелерімен жабдықталған. Бұл шешім шығындарды оңтайландыру арқылы өзінің экономикалық тиімділігін көрсетті.

ҚР Цифрлық даму, инновациалар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Starlink келісімі аясында спутник интернеті елімізде 2025 жылғы 13 тамыздан бастап ресми түрде жұмыс істейді.

Анықтама:
Starlink компаниясының ресми деректеріне сәйкес, Kazakhmys Barlau өндірістік учаскелерде Starlink спутниктік терминалдарын енгізген әлемдегі бесінші геологиялық барлау компаниясы. Бұған дейін бұл технология АҚШ, Австралия, Канада және Африкадағы (америкалық компания) ұйымдарда қолданылған.
Компания қызметтерді ҚР қолданыстағы заңнамасына, соның ішінде ақпараттық қауіпсіздік пен байланыс саласындағы талаптарға толық сәйкес түрде қолдануда.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті