Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Президент отандық геология саласының ардагерлерін қабылдады

Президент отандық геология саласының ардагерлерін қабылдады
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің геология саласына еңбек сіңірген бір топ қайраткермен – ҚР ҰҒА академигі Серікбек Дәукеевпен, «Меридиан Петролеум» ЖШС директоры Балтабек Қуандықовпен, Қ.И. Сәтбаев атындағы Геологиялық ғылымдар институтының директоры Герой Жолтаевпен және «Минералдық ресурстар академиясы» қоғамдық бірлестігінің президенті Болат Үжкеновпен кездесті, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Кездесу барысында Мемлекет басшысы геология саласы жалпы жер қойнауын пайдалану ісін қарқынды дамытудың негізі екенін және ел экономикасының маңызды құрамдас бөлшегі саналатынын атап өтті.

Президенттің пікірінше,  аталған салаға, әсіресе геологиялық барлау және жер қойнауын кешенді зерттеу бағытына тың серпін беру қажет. Сондықтан жуырдағы Жолдауда Үкіметке 2026 жылға қарай геологиялық және геофизикалық  барлау көлемін 2,2 миллион шаршы шақырымға дейін жеткізу міндеті жүктелді.

Мемлекет басшысының айтуынша, геологиялық барлау саласына шетелдік инвесторларды, сондай-ақ капитал мен заманауи технологияларды тарту мақсатында кешенді шаралар қабылданып жатыр. Бұл ретте инвестиция үшін геология саласының ашықтығы мен мемлекет мүддесі арасындағы теңгерімді сақтау маңызды.

Сонымен қатар кездесуде геология саласының өзекті мәселелері мен аталған бағытты ынталандыруға қатысты ұсыныстар талқыланды.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев отандық геология  саласын дамытуға елеулі үлес қосқаны үшін ардагер ғалымдарға алғыс айтты.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді