Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

«ҚазМұнайГаз» Karaton Operating Ltd компаниясының 50% үлесін «Татнефтьке» сатады

«ҚазМұнайГаз» Karaton Operating Ltd компаниясының 50% үлесін «Татнефтьке» сатады
Фото: ҚМГ баспасөз қызметі

«ҚазМұнайГаз» бен «Татнефть» биыл «Қаратон Подсолевой» учаскесінде геологиялық барлауды бастайды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ұлттық компания баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және «Татнефть» ЖАҚ Атырау облысындағы «Қаратон Подсолевой» жер қойнауы учаскесінде геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу үшін бірлескен кәсіпорынның негізін қаламақ.

Бұл туралы келісім 2024 жылы 21 ақпанда Қазан қаласында жасалды. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және «Татнефть» ЖАҚ Сатып алу-сату шартына, Акционерлер келісіміне және «Қаратон Подсолевой» жобасы бойынша қаржыландыру туралы келісімге қол қойды.

«ҚазМұнайГаз» Сатып алу-сату шарты бойынша Karaton Operating Ltd («Қаратон Подсолевой» жобасының операторы) компаниясының 50% үлесін «Татнефть» ЖАҚ-қа сатады. Құжаттарға «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев пен «Татнефть» ЖАҚ бас директоры Наиль Маганов қол қойды.

Мемлекет басшысы шикізат секторы мен геологиялық барлауға шетелдік инвестиция тарту туралы міндет қойды. Осыған байланысты біз бірқатар инвестормен келіссөз жүргіздік және «Қаратон Подсолевой» жобасы бойынша серіктесіміз геологиялық барлау және мұнай-газ кен орындарын игеру саласында тәжірибесі мол «Татнефть» компаниясы атанғанына қуаныштымыз. Тереңдігі 5500 метр болатын алғашқы барлау ұңғымасын бұрғылау 2024 жылға жоспарланып отыр, - деп атап өтті М. Мырзағалиев.

«Татнефть» ЖАҚ басшысы «ҚазМұнайГазға» геологиялық барлау саласындағы серіктестікке шақырғаны үшін алғыс айтты.

Қазақстандық әріптестерімізбен түрлі бағыт бойынша өзара тиімді байланыста жұмыс істеп келеміз және бұл жемісті ынтымақтастығымыздың ауқымы кеңейіп келе жатқанына қуаныштымыз. «ҚазМұнайГазға» әріптестік бойынша ұсыныс, оның ішінде геологиялық барлау саласындағы серіктестікке шақырғаны үшін алғыс айтамыз, - деп атап өтті Н.Маганов.

«Қаратон Подсолевой» учаскесі Атырау және Маңғыстау облыстарында «Ембімұнайгаз» АҚ кен орындарының жанында орналасқан.

2023 жылы маусымда «ҚазМұнайГаз» «Қаратон Подсолевой» жер қойнауы учаскесінде көмірсутектерді барлауға және өндіруге келісімшарт алды. Ал 2023 жылы қыркүйекте жобаны іске асыру үшін «Астана» халықаралық қаржы орталығының аумағында Karaton Operating Ltd жеке компаниясы тіркелді. Сол жылы қарашада ҚМГ жер қойнауын пайдалану құқығын Karaton Operating Ltd пайдасына берді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны шыққанын сүйіншіледі
Димаш Құдайберген аты аңызға айналған опера әншісімен бірге ән айтты
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында сөз сөйледі
Мемлекет басшысы БАҚ өкілдерін марапаттады
Ақордада су тасқынымен күреске белсене атсалысқан азаматтарды салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті
Мемлекет басшысы Қазақстан-Сингапур бизнес форумында сөз сөйледі
Марат Сұлтанғазиев су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысқан әскерилерді марапаттады