Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Экология министрі AzerGold Төрағасымен кездесу өткізді

21 қазанда Баку қаласында ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев «AzerGold» ЖАҚ Басқарма төрағасы Закир Ибрагимовпен кездесу өткізді.

Кездесу барысында С.Брекешев әзірбайжандық әріптестерін Қазақстанның геологиялық барлауын дамыту перспективалары туралы хабардар етті. Атап айтқанда, геологиялық барлау жұмыстарына РиоТинто (Австралиялық-британдық концерн), Глинкор (Швейцария), Илюка (Австралия), Йылдырым (Түркия), Полиметалдар (Ресей) және т.б. танымал халықаралық компаниялар тартылғаны атап өтілді.

Сондай-ақ, ол Қазақстанның минералдық ресурстар бойынша әлемдік көшбасшылардың бірі болып табылатынын атап өтті. Елде алтын, полиметалл, вольфрам, молибден, алюминий, қалайы, сирек жерде кездсетін және басқа да пайдалы қазбалардың жаңа кен орындарын ашу перспективалары бар. Бұл ретте қатты пайдалы қазбаларға терең геологиялық зерттеу ел аумағының небәрі 26,7%-ын құрайды.

Халықаралық қауымдастық «Kaznedra» бірыңғай платформасын құру бойынша процестерді цифрландыру және автоматтандыру деңгейін жоғары бағалайды, онда жер қойнауын пайдалану саласындағы барлық қолданыстағы ақпараттық жүйелер біріктірілген.

«Бірыңғай платформа барлық процестер мен қызметтерді бірыңғай терезеде шоғырландыру арқылы инвесторларға кешенді сервистік қолдау көрсетуге ықпал ететін болады, бұл сонымен қатар «paper free» қағидаты бойынша геологиялық ақпарат алуға, әлемнің кез келген нүктесінен онлайн режимінде жер қойнауын пайдалану лицензиясына өтінім беруге мүмкіндік береді», - деп толықтырды министр.

Кездесу барысында әзірбайжандық әріптестерге цифрландыру, геологиялық ғылымды дамыту және салалық инфрақұрылымды құру саласында Геология комитетімен және Қазақстанның Ұлттық геологиялық қызметімен ынтымақтастық ұсынылды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды
Almaty Marathon-да қайта өңдеуге жіберілетін қалдықтар жиналды
Қала күні мен Дүниежүзілік тазалық күніне орай 50 мыңнан астам алматылық жалпықалалық сенбілікке қатысты
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді