Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

СҚО-да полицейлер биыл 200-ге жуық есірткіге қатысты құқық бұзушылықты анықтады

СҚО-да полицейлер биыл 200-ге жуық есірткіге қатысты құқық бұзушылықты анықтады
Фото: Polisia.kz

СҚО-да полицейлер биыл 200-ге жуық есірткіге қатысты құқық бұзушылықты анықтады, — деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Полицейлер синтетикалық есірткіні сату күдігімен 32 жастағы петропавлдықты қолға түсірді. Тінту барысында оның тұрғылықты жерінен 48 грамнан астам α-PvP және 23 грамнан астам мефедрон тәркіленді. Сондай-ақ ер адам интернет-дүкеннің “кураторы” көрсеткен орыннан 500 грамнан астам осындай есірткіні алуы тиіс болған, ол жерден де полицейлер қауіпті заттарды анықтады. Бұл жағдай қылмыстың бастапқы кезеңінде әшкереленген оқиғалардың бірі болды. Күдікті әлеуметтік желілерде қосымша табыс туралы жарнаманы көріп, синтетикалық есірткі таратушы болуға келісім бергенін, “оқытудан” өткенін айтты. Алайда қылмыстық пиғылын жүзеге асыра бастаған сәтте ол полицейлердің қолына түсті.

Уәде етілген сыйақыны алуына мүмкіндік болған жоқ. Сот күдіктіні 7 жылға бас бостандығынан айырды. Үкім заңды күшіне енді. Жалпы 8 ай ішінде СҚО-да полицейлер 196 есірткіге қатысты құқық бұзушылықты анықтады, оның 94-і сату дерегі. Заңсыз айналымнан 475 келіден астам түрлі есірткі заты тәркіленді, оның ішінде 4 келіден астамы синтетикалық есірткі.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті