Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Есірткі сатқан петропавлдық тұрғын бас бостандығынан айырылды

Есірткі сатқан петропавлдық тұрғын бас бостандығынан айырылды
Фото: Polisia.kz

Петропавл тұрғынына есірткі сатқаны үшін 8 жыл бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу жазасы тағайындалды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Наурыз айында Петропавл қаласында синтетикалық есірткіні сатты деген күдікпен 47 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, ол тыйым салынған заттарды жасырын орындардан алып, кейін жеке байланыс арқылы сатып отырған. Күдіктіні ұстау кезінде полиция қызметкерлері оның жанынан бір бума есірткі затын, ал автокөлігінен тағы 16 буманы тәркіледі. Сараптама нәтижесі бойынша бұл - мефедрон. Тәркіленген заттың жалпы салмағы 35 грамнан асты. Аса ірі көлемде есірткі сатқан үшін сот 8 жылға бас бостандығынан айыру және қылмыс жасау құралы болған Samsung смартфоны мен Audi автокөлігін тәркілеу туралы үкім шығарды. Үкім заңды күшіне енді. Жыл басынан бері облыс полицейлері есірткіге қатысты 172 құқық бұзушылықты анықтады. Негізгі назар сату деректерін әшкерелеуге бағытталған. Мұндай 86 факт тіркелді. Заңсыз айналымнан 86 келі есірткі тәркіленіп, екі ұйымдасқан қылмыстық топ жойылды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді