Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

СҚО-да саяжайда ұсталған есірткі таратушыға сот үкімі шықты

СҚО-да саяжайда ұсталған есірткі таратушыға сот үкімі шықты
Фото: Polisia.kz

СҚО-да саяжайда ұсталған есірткі таратушыға сот үкімі шықты, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

"Заң және Тәртіп" қағидатының негізгі тетіктерінің бірі – қылмыс жасаған адамға жазаның бұлтартпастығы. Биылғы жылдың басында облыстық прокуратураның үйлестіруімен полицейлер Петропавл қаласының 35 жастағы тұрғынын ұстаған болатын. Ол "Труд" бау-бақша серіктестігінде синтетикалық есірткіні жасырып кету тәсілімен таратқан. Күдікті көрсеткен жерден жедел уәкілдер 7,7 грамнан астам мефедрон салынған 8 түйіншекті тапты және тәркіледі. Тағы 16 грамнан астам есірткі күдіктінің өзінен және автокөлігінен табылды. Кейін ер адам тағылған айыптың бір бөлігінен жалтаруға тырысты. Ол соңғы сәтте ойын өзгертіп, есірткіні жеке тұтыну үшін жасырған орыннан қайта жинамақ болғанын мәлімдеді.

Алайда тергеу материалдары бұл уәжді жоққа шығарды. Сот-медициналық сараптама оның өзге есірткі заттарын пайдаланатынын анықтады. Сот үкімімен петропавлдық азамат кінәлі деп танылып, оған 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Үкім заңды күшіне енді.



скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады