Алматыда педагогтардың тамыз саммиті өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Республика сарайында өткен «Digital Kazakhstan: жаңа замандағы білім беру» саммитіне 2500-ден астам білім беру саласының қызметкері жиналды. Жаңа оқу жылы қарсаңында ұйымдастырылған іс-шара педагогтардың кәсіби деңгейін арттыруға, тәжірибе және жаңа технология алмасуға бағытталған. Алматы әкімі Ерболат Досаев цифрлық құралдарды білім беру үдерісіне біріктірудің маңызын айтып, «Kitap.kz», «Жеңіл портфель», «AlmatyKids.kz» және т.б. табысты жобаларды атады. Биыл мектептер интерактивті мазмұнды 168 жаңа модификация кабинетін алды, бұл мектептерді 85% заманауи пәндік кабинеттермен жабдықтауға жол ашты. Саммитте білім беру, цифрлық инновация және киберқауіпсіздік мәселелері талқыланды. Жиын соңында білім беру саласын дамытуға қосқан үлесі үшін қала мұғалімдері марапатталды.16-08-2024, 15:52
Алматыда педагогтардың тамыз саммиті өтті
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз