Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Атырауда синтетикалық есірткі таратумен айналысқан ер адам қолға түсті

Атырауда синтетикалық есірткі таратумен айналысқан ер адам қолға түсті
Фото: polisia.kz

Атырауда синтетикалық есірткі таратумен айналысқан ер адам қолға түсті. Күдіктіден тәркіленген заттың қара нарықтағы бағасы 8 млн теңгеге жуық, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

28 маусым күні Атырау облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы кинология орталығының қызметкерлерімен бірлесіп, жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Азаттық даңғылындағы үйлердің бірінде синтетикалық есірткі заттарын таратумен айналысқан 37 жастағы ер адамды ұстады. Тінту кезінде құны 8 млн теңге шамасында болатын мыңға жуық доза “Альфа-PVP” синтетикалық есірткі заттары анықталды.

37 жастағы ер адамның Telegram әлеуметтік желісі арқылы аса ірі мөлшерде психотроптық заттарды өткізу, сатып алу және сақтаумен айналысатын жарнама арқылы жеңіл пайда тапқысы келгені белгілі болды.

Қазіргі уақытта күдікті ҚР ҚПК-нің 128-бабы бойынша қамауға алынды. Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді